Мазмұнға өту

Метроном

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Метроном.

Метроном – музыкалық шығарманың орындалу екпінін анықтайтын құрал.
17 ғ-да қолданыла бастаған. Оның ең тиімді қазіргі үлгісін веналық шебер Н.Мельцел жасағандықтан, ол “Мельцел системасы” деп те аталады (патенті 1816 ж.). Ондағы серіппелі механизм маятникті тербеліске қосады. Әр тербелістің шегінде бірқалыпты дыбыс естіліп тұрады. Маятникке кигізілген белдемені төмен не жоғары жылжыта отырып, тербеліс жылдамдығын өзгертуге, қалаған екпінге қоюға болады. Метроном шкаласында минут сайын тактідегі ширектік үлеске қанша тербеліс саны тең келетіні көрсетіліп жазылған (40-тан 208-ге дейін). Музыкашы шығармаға керек деген екпінді анықтап алып, Метроном екпінімен ойнай бастайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8