Мазмұнға өту

Медуза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Медуза

Медузаішекқуыстылардың еркін жүзіп тіршілік ететін дарабастары.Көбіне теңізде жүзіп жүреді, кейбір түрлері су түбіне бекініп тіршілік етеді. Денесі көлденеңінен 2 — 3 миллметрден 40 сантиметрге дейін, қолшатыр немесе қоңырау пішінді. Қоңыраулы медуза су түбінде уақытының жартысын өткізіп, сол жерде тіршілік ететін бентекикалық (су түбінде тіршілік ететін) ағзалармен қоректенеді. Медуза қоңырауының диаметрі 10-см-ге дейін өседі және мыңдаған әдемі ақ қармауышпен қоршалады. Сыртқы төбешік бөлігін — эксумбрелла, ішкі ойығын — субум-брелла деп атайды. Медузаның құрылысының ерекшелігі — олардың қаңқасы болмайды. Бірақ сүйеніш тақташаның орнында қалың қабаты, аралық зат — мезоглея болады. Медузалардың жалпы салмағының 98 пайызы судан тұрады. Шатырының жиегінде сезім мүшелері дамиды және қармалауыштары (ұзындығы 30 метрдей) орналасқан, ол шатырдың жиегін жиырып, Медузаның жүзуіне көмектеседі. Ауыз сабақшасының ұшында орналасқан ауыз тесігі жұтқыншақ арқылы қарынымен жалғасады. Қорытылмаған қорек ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке сабақшалары өзара жалғасып, біртұтас жүйке сақинасын түзеді. Көзшелерінің құрылысы қарапайым жынысты. Жыныс бездері қарынының маңында немесе одан шығатын радиалды өзектердің астында, кейде ауыз сабақшасында орналасады. Жұмыртқалы медуза- Монтерей шығанағында табылған үлкен медуза түрлерінің бірі. Қанды қарын медузаның қызыл құрсағы оның қорегінен био-люминесценциялық жарықты жасыруға көмектеседі. Жазда көк медузалар тобы тобы балық аулауға кедергі жасап, Солтүстік Австралияның жағалық сызығынан асып кетеді. Медузалар тұқымдастығына адам өміріне қауіпті уы бар теңіз арасы да жатады.Медузалардың кейбір түрі медузаларды жейді.Ал кейбіреулері өз көлемінің жартысындай қорегін асқазанына сыйғыза алады. Ас табақ медузасы тапқан тамағын қармалауыштарынан асқазанға өткізу үшін екі сағаттай уақытын кетіруі мүмкін.

Медузалар жыныстық жолмен көбейеді. Аталық медуза ұрықтар өндірсе, аналық медузалар жұмыртқа өндіреді. Аталық медуза аталық ұрықтарды теңіз суына шашып, бұл ұрықтар сумен бірге аналық медузаның аузына кіріп, оның ішіндегі жұмыртқаны ұрықтандырады. Эмбрион медузаның ішінде немесе олардың ауыздарының жанындағы камераларында дернәсілге айналады. Дернәсілдер полиптерге айналып, олар жыныссыз жолмен бүршіктер немесе көпіршіктер түзеді. Осы полиптердің әрқайсысы әрі қарай ересек медузаға айналады.

Ішекқуыстылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық медузалар ішекқуыстылар болып табылады. Олардың нематоцист деп аталатын шағатын жасушалары болады. Шаққанда өте ауыртып, адам баласын өлтіріп жібереді. Олардың басы, тыныс алу немесе зәр шығару мүшелері болмайды. Милары да болмайды. Оның орнына олардың жарықты, иісті және де жақындап келе жатқан жауларын сезетін қарапайым жүйке жүйесі болады.

Орын ауыстыруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медузалар мұхит ағыстарының көмегімен орындарын ауыстырады. Мұхит ағыстарымен бірге қалықтап, жүзіп және батып жүреді. Сонымен қатар, олар қайта оралу үшін жүзе алады.

Өмірлік цикл

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медузалар жыныстық қатынас арқылы көбейеді. Аталықтар сперматозоид, аналықтар Аналық тұқым жасушасын түзеді. Жыныстық қатынастан кейін планула дернәсілі пайда болады. Планула жетілгенде, одан полип өсіп шығады. Полип толық жетілгенде жас медузалар бөлініп шығады.

Медузалар кішкентай балықтармен және планктондармен қоректенеді. Кейбір медузалар, сонымен қатар, кішкентай шаяндармен және басқа да шаянтәрізділермен қоректенеді. Көбіне медузалар суда жүзіп жүрген осы жануарларды қолдарымен ұстап, ауыздарына салады. Сонымен қатар, олар үлкен балықтарды ұстау үшін өздерінің шағатын жасушаларынан у шығарып, оларды өлтіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]