Мартин Шкртел
Мартин Шкртел | ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні |
15 желтоқсан 1984 (40 жас) | |||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Гандлова, Среднесловацк өлкесі, Чехословакия | |||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
191 | |||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
81 | |||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
еркін агент | |||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||
Мартин Шкртел (словак. Martin Škrtel; 15 желтоқсан 1984[1], Гандлова, Среднесловацк өлкесі) — словакиялық футболшы, қорғаушы. 2010 жылы әлем чемпионатына, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Словакия Ұлттық құрамасы сапында өткізген ойындар саны бойынша үшінші орында. Әлем футбол жанкүйерлеріне "Ливерпульде" ойнаған жылдары танылды.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карьерасын 2002 жылы "Тренчин" клубында бастады. 2004 жылы жазда "Зенитке" ауысты. Тұңғыш ойынын шілде айында Ресей кубогында "Ертіс" (Омбы) клубына қарсы өткізді.
2008 жылы қаңтарда "Ливерпуль" қатарын толықтырды. "Ливерпульде" 37-ші нөмірлі жейде тиді. 26 қаңтарда тұңғыш ойынын "Хавант-энд-Уотерлувилл" клубына қарсы өткізді, бұл Англия кубогы матчы болатын.2009 жылы мұның амплуасындағы Даниэль Аггер жарақат алды да, Мартин негізгі құрамда жиі ойнай бастады.
2013/14 жылғы маусымда өз қақпасына төрт гол соғып, антирекорд жасады.
2016 жылы жазда еркін агент ретінде "Фенербахчеге" ауысты. Үш маусым бойы Түркия чемпионатында 79 кездесуде алаңға шықты.
2019 жылы тамыз айында "Аталантамен" келісім шарт жасасты, бірақ клуб сапында бір ойынға да қатыспады, бір ай өтпей жатып, келісім шарт жоққа шығарылды да, "Ыстанбұл Башахшехирге" ауысты.
Ұлттық құрама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Словакия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2004 жылы өткізді. 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Зенит»
- Ресей чемпионы: 2007
- «Ливерпуль»
- Лига кубогы: 2011/12
- «Истанбұл Башахшехир»
- Түркия чемпионы: 2019/20
Жеке
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Словакия 1-лигасының үздік ойыншысы: 2002/03
- Словакидағы жыл футбошшысы (4): 2007, 2008, 2011, 2012
- Ливерпульдің үздік футболшысы: 2011/12
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 15 желтоқсанда туғандар
- 1984 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Словакия футболшылары
- Словакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Тренчин ФК ойыншылары
- Зенит ФК ойыншылары
- Ливерпуль ФК ойыншылары
- Фенербахче ФК ойыншылары
- Аталанта ФК ойыншылары
- Ыстанбұл Башахшехир ФК ойыншылары