Маралқурай
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Маралқурай | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Veratrum lobelianum Bernh., 1807 |
Маралқурай[1] (лат. Veratrum lobelianum) – Melanthiaceae тұқымдасының тамырдәрі туысына жататын биіктігі 1,5 метрден асатын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тамыр сабағы жуан әрі жұмыр, қара қоңыр және көптеген ақ түсті қосалқы тамырлары бар. Тамыр сабағынан жыл сайын қурап түсіп қалатын тамыр жапырақтарының орнын көуге болады.
- Сабақтары жуан, іші қуыс, тік өседі, бұтақтары жоқ.
- Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ірі, эллипс тәрізді, шеттері бүтін, сабақты қоршай өседі.
- Гүлдері ірі, ақ немесе жасыл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында сыпырғы тәрізденіп шоғырланып тұрады.
- Жемісі үш жерінен ашылады, ішінде тұқымы көп, қауашақ.
- Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Батпақты жерлерде, өзендердің жағаларында, ылғалды шабындықтарда, таулы беткейлерде өседі.
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағын және тамырын күзде немесе ерте көктемде жинап алады. Құрамында қант, қоймалжың, бояулық заттар, вератрамин дейтін гликозид, протовератрин алкалоиді бар.
- Халық медицинасында подагра мен ревматизмге байланысты буынның сырқырауын қойдыру үшін майдәрі жасап ауырған жерлерге жағады.
- Өсімідк тамырының тұнбасын шашта қайызғақ пайда болғанда және шаштың өсуін күшейту үшін басты жууға пайдаланады
Сақтық шарасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маралқурай - улы өсімдік. Оның тамырын жинау барысында сақталатын шаралар:
- ауыз бен мұрынды дымқыл орамалмен, дәкемен байлау қажет;
- тамырды жинап болғанша тамақ немесе су ішуге болмайды;
- жұмыс біткен соң қолды жақсылап сабындап жуу керек.
Маралқурайды дәрігердің бақылауынсыз пайдалану - адамның улануына әкеліп соғады. Улану белгілері:
- сілекей ағады;
- түшкіреді;
- аузының іші ашып, тамағын, жұтқыншағын бір нәрсе тырнаған сияқты болады;
- құсады;
- іші өтеді;
- көзінің көруі нашарлап, дем алысы, жүрегінің соғысы сирейді, басы ауырады;
- денедегі бұлшық еттер тырысып, адамның талықсып кетуі мүмкін.
Уланудың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ дәрігерге хабарлау керек.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.