Мамбалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мамбалар
Қара мамба
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Кіші сабы: Жыландар
Тұқымдасы: Аспидтер
Тегі: Dendroaspis
Түрлері
  • D. angusticeps
  • D. jamesoni
  • D. polylepis
  • D. viridis

Мамбалар (лат. Dendroaspis) — аспид тұқымдасының жыландары. Ұзындығы 2-4 м. Түсі жасыл, теңбіл немесе қара. Африканың ылғалды ормандарында 5 түрі кездеседі. Ағашта тіршілік етуге бейімделген. Кейде адамдар тұрағына келеді. Қорегі құстар, кесірткелер, кемірушілер. Жұмыртқа салып көбейеді. Улы жылан. Адам жылан шақса жарты сағаттан соң өледі.[1]

Қара мамбаның ұзындығы 4,2 метрге дейін жетеді. Түрлері жастарына қарай өзгеріп отырады. Көмескі сұр, жасыл-сұрғылт, қара түсті боп. Ұсақ аңдармен қоректенеді.

Мамба шабуыл жасағанда қарсыласының басынан немесе көкірек тұсынан тістейді. Уы өмірге аса қауіпті. Жасыл мамбаның ұзындығы 2,7 метр. Ол көбінде ағашта жорғалап жүреді. Басқалармен салыстырғанда адамға көп шабуыл жасамайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3