Мазмұнға өту

Магниттік ауытқу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Магниттік ауытқу (Магнитное склонение)магниттік меңзердің ауыткуы, жер бетіндегі берілген нүктедегі географиялық (дәл) және магниттік меридиандар арасындағы көлденең бүрыш. Магниттік ауытқу құбылысы Жердің магниттік және географиялық полюстерінің сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. Магниттік ауытқу егер магниттік меңзердің солтүстік ұшы шығысқа қарай ауытқыса — шығыстық (жағымды), егер меңзердің ұшы батысқа ауыткыса батыстық (жағымсыз) болып бөлінеді. М.а-ды білу жергілікті жерде картаның, компастың көмегімен бағдар жасағанда дәл меридианды анықтау үшін, дирекциялық бүрыштан, дөл азимуттан магниттік азимутка өту үшін, компастық бағыттан дәл бағытқа және керісінше өту үшін қажет. Магниттік ауытқу деректері топографиялық, теніз навигациялық, арнайы карталарда географиялық сызба және арнайы анықтамалық мәтін ретінде магниттік ауытқу көлемін көрсету аркылы беріледі. Магниттік ауытқу аудандарында әдетте магниттік ауытқу тербелісінің амплитудасы келтіріледі. Магниттік ауытқу мөлшерінің тәуліктік, жылдық, ғасырлық өзгерістері болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл