Мазмұнға өту

Магдебургтегі көлік шабуылы (2024)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Магдебургтегі адамдарға көліктің соқтығысуы (2024)

Магдебургтегі көлік шабуылының фотосуреті, 20 желтоқсан 2024 жылы.
Шабуыл орны
Саксония-Анхальт, Магдебург,  Германия
Координаттар
52°07′54″N 11°38′20″E / 52.131678°N 11.638889°E / 52.131678; 11.638889
Дата
20 желтоқсан 2024 жылы
Қару-жарақ
BMW көлігі
Жарақаттанғандар
205[1]
Құрбандар
5[1]
Қылмыскерлер
1

Магдебургтегі топқа көліктің соғуы — 2024 жылғы 20 желтоқсанда Германияның Магдебург қаласында болған жаппай кісі өлтіру оқиғасы. Кешкі уақытта BMW көлігінің жүргізушісі әдейі көлікті Рождестволық жәрмеңкедегі адамдарға қарай бағыттаған.[2]

Алғышарттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Магдебург — Германияның Саксония-Анхальт федералды жерінің астанасы. Қалада жыл сайын Рождестволық жәрмеңке өткізіледі, ол әкімдік пен ірі сауда орталығының маңында орналасқан.[3]

Шабуыл Берлиндегі Рождестволық базарға жасалған жүк көлігінің шабуылының сегіз жылдығынан кейінгі күні болды. Бұл шабуылды «Ислам мемлекеті» ұйымдастырған, нәтижесінде он екі адам қаза тауып, 56 адам жарақат алды.[4] Шабуылдан екі апта бұрын Баварияның Аугсбург қаласындағы Рождестволық базарға шабуыл жоспарлады деген күдікпен ирак азаматы ұсталған болатын.[5]

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 19:04-те болған, күңгірт түсті BMW бір топ адамды қаққан. Жүргізуші бірден ұсталды.[6] Қала баспасөз хатшысы Майкл Рейф бұл оқиғаны "Рождестволық базарға жасалған шабуыл" деп атап, лаңкестік актінің болғанын растады.[7][8]

Саксония-Анхальт премьер-министрі Райнер Хазелоффтың айтуынша,[9] кемінде екі адам — ересек және бала қаза тапты, ал 68 адам жарақат алды.[10] Магдебург қаласы кемінде он бес адамның ауыр жарақат алғанын, 37 адамның орташа дәрежеде жарақат алғанын және 16 адамның жеңіл жарақат алғанын хабарлады.[11] Жергілікті жедел жәрдем қызметтерінің мәліметтері бойынша, 60–80 адам зардап шеккен.[12] Кемінде 20 зардап шегуші Магдебург университетінің ауруханасына жеткізілді.[13]

Магдебург полициясы азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырды.[14] Эрфурттағы Рождестволық базар тазартылды, бірақ Саксония-Анхальттың ең үлкен қаласы Галле жергілікті билігі қауіпсіздік шараларын күшейтпеді.[14]

DW басылымының хабарлауынша, Магдебургтегі Рождестволық базарға келушілерді бар жылдамдықпен қаққан көлік жүргізушісінің Сауд Арабиясының тумасы екені анықталды.[7] Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ол Германияда психиатр болып жұмыс істеген және Бернбург қаласында тұрған. Бұл қала Магдебургтен 50 км жерде орналасқан. Күдіктінің Германияда ұзақ тұруға рұқсаты болғаны хабарланды.[7]

Сонымен қатар оның Сауд Арабиясынан келген әйелдерге елден қашуға көмектесу бойынша кеңес беріп жүргені туралы ақпарат пайда болды. Оның осы тақырыпта арнайы жеке веб-сайты болған және ол Германияда саяси баспана беру мәселелерімен де айналысқан.[7]

Германия канцлері Олаф Шольц X платформасында:

«Магдебургтен жеткен хабар нашар болжам жасауға мәжбүрлейді. Құрбандардың жақындарына көңіл айтамын. Біз солардың, Магдебург тұрғындарының жағындамыз. Осы қиын сағаттарда құтқару қызметтеріне ризашылығымды білдіремін»

- деп жазды.

Магдебург полициясы өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, қылмыскердің өз бетінше әрекет еткен-етпегені әлі белгісіз. Ол «рождестволық базар арқылы кем дегенде 400 метр жүрді» дейді полиция.[15]

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
 Сауд Арабиясы:

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, неміс халқымен ынтымақтастық білдіріп, құрбандарға қолдау көрсетті.[16]

 Франция:

Франция президенті Эммануэль Макрон шабуылға байланысты «қатты қайғырғанын» мәлімдеді.[17]

 Италия:

Италия премьер-министрі Джорджия Мелони шабуыл құрбандары мен олардың отбасыларына көңіл айтты.[18]

 Мажарстан:

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан дұға оқып, құрбандардың отбасыларына көңіл айтты және шабуылды «жиркенішті әрекет» деп атады.[19]

 Испания:

Испания премьер-министрі Педро Санчес Олаф Шольцпен сөйлесіп, құрбандарға, олардың отбасыларына және бүкіл неміс халқына қолдауын білдірді.[20]

 Польша:

Польша президенті Анджей Дуда шабуылдан «қатты күйзелгенін» айтып, құрбандар мен олардың отбасыларына көңіл айтты.[21][22]

 АҚШ:

Шабуылдан кейін Нью-Йорк полиция департаменті Рождестволық жәрмеңкелердегі қауіпсіздік шараларын күшейтті.[23]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b При наезде автомобиля на толпу в Магдебурге пострадали 68 человек, РИА Новости (21 желтоқсан 2024). Тексерілді 21 желтоқсанның 2024.
  2. Что известно о наезде автомобиля на людей в Магдебурге, ТАСС (20 желтоқсан 2024). Тексерілді 20 желтоқсанның 2024.
  3. Ködel, Susanne. Sachsen-Anhalt: Auto fährt in Menschenmenge auf Magdeburger Weihnachtsmarkt (de-DE) (20 желтоқсан 2024).
  4. Koopmann, Christoph Magdeburg: Mindestens zwei Tote und 60 Verletzte bei mutmaßlichem Anschlag auf Weihnachtsmarkt  (нем.).
  5. Germany attack: 11 feared dead and 80 injured as car ploughs into Chr… (20 желтоқсан 2024).
  6. В Магдебурге автомобиль врезался в толпу на рождественской ярмарке, Meduza (20 желтоқсан 2024). Тексерілді 20 желтоқсанның 2024.
  7. a b c d Базарда көлік бір топ адамды қағып кетті  (қаз.).
  8. Магдебургтегі рождестволық базарда көлік бір топ адамды қақты (фото, видео)  (қаз.).
  9. Liveticker: Anschlag auf Magdeburger Weihnachtsmarkt FAZ  (нем.).
  10. Schuetze, Christopher "Driver Rams Christmas Market in Germany, Injuring Dozens  (ағыл.) (20.12.2024).
  11. Liveticker: Anschlag auf Magdeburger Weihnachtsmarkt FAZ  (нем.).
  12. Magdeburg Germany attack updates: Car hits crowds at Christmas market, leaving two dead and 68 injured (en-GB).
  13. Koopmann, Christoph Magdeburg: Mindestens zwei Tote und 60 Verletzte bei mutmaßlichem Anschlag auf Weihnachtsmarkt  (нем.).
  14. a b Magdeburg: Bundesländer verstärken Polizeipräsenz auf Weihnachtsmärkten  (нем.).
  15. Магдебургтегі рождестволық базарда теракт болды  (қаз.).
  16. Hammond, Aditi Sangal, Elise December 20, 2024, At least 2 dead and dozens injured in attack on German Christmas market, authorities say  (ағыл.) (20 December 2024).
  17. Allemagne : un "possible attentat" sur un marché de Noël, 2 morts et des dizaines de blessés  (фран.) (20 желтоқсан 2024).
  18. President Meloni’s statement on Magdeburg Christmas market attack  (итал.).
  19. Dramatyczne wieści z Niemiec po zamachu. „Kiedy to szaleństwo się skończy?”  (поляк).
  20. Sánchez traslada a Scholz su solidaridad por el atropello en un mercado de Navidad alemán  (исп.).
  21. Tragiczne wieści z Niemiec. Prezydent Duda: jestem wstrząśnięty | Niezalezna.pl (pl-PL).
  22. Zamach w Magdeburgu. Prezydent Andrzej Duda zabrał głos (pl-PL).
  23. Vehicle plows into crowded Christmas market in Germany, killing 2 and injuring dozens  (ағыл.) (21 December 2024).