Лиам Пейн
Ли́ам Дже́ймс Пейн (ағылш. Liam James Payne; 29 тамыз 1993, Вулвергемптон, Уэст-Мидлендс, Ұлыбритания — 16 қазан 2024, Буэнос-Айрес, Аргентина) — британдық әнші. «One Direction» тобының мүшесі. 2010 жылы «The X Factor» жобасына қатысты.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лиам Джеймс Пейн 1993 жылы 29 тамыз дүниеге келді. Тууылар алдында, Лиамның бір бүйрегі жұмыс істеген жоқ. Сондықтан, ол 4 жасына дейін ауруханаларға қан тапсыра берді. 2012 жылдың тамыз айында Лиам екі бүйрегі де істейтіні туралы айтты.
Мектепте спорттық сайыстарға белсенді қатысқан. Жүгіруден құрама командада болған. Лиам жүгіруден бірінші орындар ала берген. Сондықтан, жүгіруден кәсіпші болған.
12 жасында Лиам баскетболшылар командасына жазылған. Сосын сол командадағы адамдар Лиамды қорлаған. Сондықтан, Лиам баскетболды тастап, боксқа өзін-өзі қорғауға жазылды.
Мансап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2008 жылы 14 жасар Лиам «The X Factor» жобасының бесінші маусымға жазылған. Бірақ Саймон Коуелл Лиамды әлі дайын емес деп, үйіне қайтарды.
2010 жылы Лиам «The X Factor» жобасының жетінші маусымына қайтадан барды. 16 жасында Элла Фицджеральдтың «Cry Me a River» өлеңін айтты. Лиам жеке әнші болғысы келген. Бірақ, Николь Шерзингер 5 ұлды: Луи Томлинсон, Зейн Малик, Гарри Стайлз, Найл Хоран және Лиам Пейнді біріктірді. Бұл топтың аты - «Onе Direction». Топ жобада үшінші орын алды. Сосын «Syco Records» компаниясымен келісім шартқа тұрды.
One Direction
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2011 жылы топ турнеге шықты. Сол жылы «Up All Night» үнтаспасын шығарды. 2012 жылы ақпан айында «One Direction» тобының бірінші синглы «What Makes You Beautiful» өлеңі арқылы «BRIT Award» бағдарламасында «Үздік британдық сингл» номинациясын жеңіп алған. «Up All Night» үнтаспасы 314000 көшірмесі сатылды.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 жылы Пейн Даниэль Пизермен бірге 3 жыл кездесіп жүрді. Қазіргі кезде, Лиамның сүйетін жары – София Смит.