Мазмұнға өту

Көңіл (психология)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Көңіл — айналадағы ортаға, жаһанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысты, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп-қорытатын адам жанының сырлы әлемі. К. жеке адамның аксиол. тұрғыдағы табиғатымен тікелей байланыста бола тұра, адамның құндылықтық пайымдарын қайталай парықтап, пайді. К. абстрактілі ұғым, сондықтан да К-дің сан алуан күйін және тұрпатын айқындай түсетін ұғымдар бейнелі ойлаумен ұштас меңзеу тіркестермен беріледі. К-дiң әсершілдік және танымдық мүмкіндігі шексіз. Ғалам ғажайыбынан, сазды әуезден, сөз өнерінің құдіретінен эстет. ләззат алып, олардың "көңілге түрлі ой салар" әсерімен ғибраттанып, хақтықтың шапағатын иеленетін де осы К. "Көңіл көзі, "көңіл айнасы", "көңіл құсы", "көңіл пырағы" сөздері К-дің танымдық мүмкіндігінің түрлі қырларын ашып, әлемнің құпиясына бойлар сырларын бейнелейді. "Көңіл қалу", "көңіл көтеру", "көңіл аулау", "көңіл қобалжуы", "көңіл ағаруы", "көңіл тазаруы", "көңіл шалқуы", "көңілдің шарқ ұруы", т.б. ұғымдар адам К-нің түрлі күйінен хабар берумен қатар, адамның бейсаналық психик. халін де танытады. К. жүрек, діл ұғымдарымен ұштас, со-нымен катар, өзіндік ерекшеліктерімен де айшықталады. Абайдың: "Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес, Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес" — деген сөзінде жүректің әуел бастан иман ұясы екендігін нұсқап тұр. Сондықтан да жүректің хаққа ынтығуымен ұштас, оның ықыласының көрсеткіші ретінде риясыз К бой көрсетеді. Яғни К-ді жүрек қалауы десе де болады. Адам ешқашан К-дің ықпа-лынан тыс 6ола алмайды. Қашан, қандай күйде болмасын адам баласы К-лін әйтеуір бір күйінде болмақ. Әйтсе де "Кісі көңілі — түпсіз теңізбен тең" (Ж.Баласағғұни). К. қалауы, К. көтеру, К. қалудың барлығы өзгермелі дүние-нің үздіксіз алмасып тұратын сәттерінің, яғни К. күйінің көріністері. К. қалауының ерекше қалпының бірі — хаққа ғашықтық. К-дің ақиқатты қалауы өмірінің мәні-не айналғанда, адамның рухы кемелденіп, оның көз-қарасы айқындала бастайды.
Хақ дидарына ғашықтық ғұлама сопыларда “Дидар талап” ұғымымен берілген. “Хаққа ғашықтық” адамның ақылмен өлшенбейтін, болмысты білгісі келген ынтызарлықтан туған беймазалығы; Өмірдің жалғандығынан өткіншілігінен К. қалуы — дүние кірінен, надандықтан арылу үшін адамның нәпсі құмарлығын жеңіп, дүние қызығын тәрк етіп, тақуалық жолға түсуіне ұласқан. "Жақсы сөзді жарым ырысқа" балау адамның К. көтеруге ниеттес, тілектес адамдар тарапынан демеуге, қоштауға мұқтаж екенін білдіреді. Нәпсі құмарлығын күйттесе К. көтеру адамды жаман-лыққа, азғындыққа итермелейді. Құмарлыққа салынып К. көтеру саяз ойлы, надан адамға тән. Бұл туралы Абай "Надандардың сүймегі — көп пен дүрмек" дейді. Қазақ фольклорында К-дің шынайы сырын аңғартатын көңіл айтудың тамаша үлгілері сақталған. Дәстүрлі қазақ ұғымында, жыраулар мұрасы мен Абай, Шәкәрім, Шал ақын, Махамбет шығармашылықтарында мынадай түсініктер кездеседі: К. қалу, К. қайту, К. айту, К. қалауы, К. көтеру, К. санасы, К. кірі, К. кешуі, К. жүгі, К. ашу, К. сергіту, К-ге алу, К. тыншуы, К. көзі, К. рахаты, К. бөлу, К. жұмбағы, К-ді тыю, К-сіз құлақ, қара К., ақ К. қам К., тоқ К., жай К., суынған К. құс К. , қайғылы К., есер К., мазасыз К., талапты К., жаралы К., т.б.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғашықтық