Көбік
Көбік – газ немесе бу көпіршіктерінің шоғырлануынан түзілген ұяшық құрылымды дисперстік жүйе. Көбік – сұйықтықты қатты шайқағанда, сұйықтық қайнағанда немесе ерітінді арқылы газ жібергенде пайда болады. Көбік – тұрақсыз жүйелер. Тұрақты Көбік алу үшін жүйеге үшінші құраушы – көбік түзгіштер қосады. Ол бастапқы сұйықтыққа қарағанда құрамы өзгеше беттік қабаттар түзеді де, Көбіктің тұрақтылығын арттырады. Көбіктің пайда болуы мен оның өздігінен жойылуы арасындағы уақыт көбік ғұмыры деп аталады. Көбік ғұмыры температура артқан сайын азаяды, ал сұйықтықтың тұтқырлығы артқан сайын көбейеді. Тұрақтылығы жоғары Көбікті сабын, сабынға ұқсас заттар бере алады. Көбік тоқыма өндірісінде маталарды жуу үшін, тұрақты Көбік өрт сөндіру, флотациялық процестерде, кондитерлік өндірісте, шарап ашыту, т.б. салаларда қолданылады. Кейбір өндірістерде (сабын, қант, каучук өндірісі, т.б.) Көбіктің болуы зиянын тигізеді. Ондай жағдайда Көбікті болдырмайтын арнайы зат – көбік сөндіргіштер (күрделі эфирлер, май қышқылдары) қолданылады.[1] [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- ↑ Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |