Мазмұнға өту

Кукри

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кукри кейде оны «кхукри» немесе «кукури» деп те жазу кездеседі. Бұл – непалдық гуркхтар қолданатын ұлттық пышақ түрі. Кукридің жүзі «сұңқардың қанаты» деп те аталады. Себебі, иілген түрі құстың қанатына ұқсайды және қыры қайырылады, яғни пышақтың иілетін тұсы басқа пышақтармен салыстырғанда қарама-қарсы. «Кукри дәл осындай бүгілген гректердің кописынан шыққан» деген мәліметтер бар. Непалға б.з.д. 4 ғасырда Александр Македонскийдің армиясы арқылы жетсе керек. Сол жерден ол Балқан түбегі елдері мен Орта Шығыс мемлекеттеріне тараған, солайша осы аймақтарға тән басқа да пышақтар мен ятаганның туындауына ықпал еткен.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1100 қызықты деректер.