Мазмұнға өту

Константинос Митроглу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Константинос Митроглу Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Константинос Митроглу

Туған күні

12 наурыз 1988 (1988-03-12) (36 жас)

Туған жері

Кавала, Грекия

Азаматтығы

Грекия
Германия

Бойы

189

Салмағы

86

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия Рердт-Шейфуйсен

Клуб карьерасы[* 1]
2005—2007 Германия Боруссия II (Мёнхенгладбах) 23 (0)
2007—2014 Грекия Олимпиакос (Пирей) 92 (41)
2011  Грекия Паниониос 11 (8)
2011—2012  Грекия Атромитос (Афина) 34 (17)
2014—2016 Англия Фулхэм 3 (0)
2014—2015  Грекия Олимпиакос (Пирей) 24 (16)
2015—2016  Португалия Бенфика 32 (19)
2016—2017 Португалия Бенфика 28 (16)
2017—2021 Франция Олимпик Марсель 32 (12)
2019  Түркия Галатасарай 7 (1)
2019—2020  Нидерланд ПСВ Эйндховен 13 (1)
2021—2022 Грекия Арис 9 (2)
2023 Германия Рердт-Шейфуйсен 7 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2009—  Грекия 63 (17)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Константинос «Костас» Митроглу (гр. Κωνσταντίνος Μήτρογλου; 12 наурыз 1988[1], Кавала) — грекиялық футболшы, Грекия Ұлттық футбол құрамасы мен Рердт-Шейфуйсен клубының шабуылшысы.

Константинос негізі Германия футбол мектептерінің түлегі саналады. Германияның бірнеше клубының жастар құрамында ойнаған. Кәсіпқой карьерасын да 2005 жылы Менхенгладбахтың "Боруссия" клубынан бастады.

2007 жылы "Олимпиакосқа" ауысты. Бірнеше жылдан соң "Панионис", "Атромитос" клубтарына жалға да беріліп, 2014 жылы "Фулхэмге" сатылғанымен, артынша "Олимпиакос" оны бір жылға арендаға алды. Келесі маусымда (2015/16 жж) "Бенфикаға" жалға беріліп, "Фулхэм" сапында мүлде ойнаған жоқ.

2017 жылы "Марсельге" ауысты.

Ұлттық құрамада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылы 14 қараша күні ӘЧ-2010 іріктеуінің соңғы кезеңіндегі Украинаға қарсы ойында алаңға шықты. Грекия финалдық турнирге жолдама алғанымен, Грекия ОАР-да өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Кейін ЕУРО-2012, ӘЧ-2014 турнирлеріне қатысты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Олимпиакос (Пирей)
  • Грекия чемпионы: 2008, 2009, 2013, 2014, 2015
  • Греккия кубогы: 2008, 2009, 2013, 2015
  • Грекия суперкубогы: 2007
Бенфика (Лиссабон)
  • Португалия чемпионы: 2015/16
  • Португалия лига кубогы: 2015/16
Грекия құрамасы
  • Жасөпірімдер арасындағы Еуропаның Вице-чемпионы: 2007
  • Грекияның үздік футболшысы: 2011/12

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]