Кемпір тауы
Көрініс
Кемпір тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
4 км |
Ені |
2,5 км |
Биіктігі |
325 м |
Орналасуы | |
Елдер | |
| |
|
Кемпір – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы тау. Абсолюттік биіктігі 325 м.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батысында 25 – 28 км жерде Қаратас, Ақбота таулары, шығысында Шұға жатыр. Шағын сопақ пішінді таудың ұзындығы 4 км, енді жері 2,5 км. Солтүстігінде өзімен аттас қыстау және құдық (тереңдігі 2 м, су шығымдылығы 100 л/с) орналасқан.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер қыртысы жоғарғы пермь мен төменгі триастың гранит, сиенит, гранодиоритті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Беткейлерінде бұта аралас бетеге, жусан, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.[1]