Картли патшалығы
Картли патшалығы — XV ғасыр II-жартысында, 1490 жылы Шығыс Грузияда бір тұтас грузин патшалығының ыдырауы нәтижесінде пайда болған феодалды мемлекет. Астанасы - Тбилиси.
1762 ж. Кахетимен қосылып, Картли-Кахети патшалығы аталды. Картли патшалығының экономикасы натуралды шаруашылыққа негізделді. Саяси тұрғыда ел жартылай бағынышты бірнеше бөлікке – сатавадоға (сеньорияға ) бөлінді. XVII ғасыр аяғы – XVIII ғасыр басында экономикасы мен мәдениеті дәуірледі. 16-18 ғасырда иран-түрік агрессиясына қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Грузин саяси қайраткерлері (С.Луарсаб I, Симон, Георгий Саакадзе, Ростом) елдің саяси тәуелсіздігін аса зор қиындықпен сақтап қалды. 1723 жылы түріктер, 1735 жылы ирандықтар жаулап алды. 1744 жылы Картли патшалығы жат елдің езгісінен құтылды. Біріккен Картли-Кахети патшалығы 1801 жылы Ресейге қосылды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Kingdom of Kartli |