Мазмұнға өту

Каали (кратер)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Каали (эст. Kaali kraater) — Эстониядағы метеориттің құлауынан пайда болған Сааремаа аралындағы кратер.

Сааремаға метеорит құлағанының нақты күні анықталған жоқ. Кейбір ғалымдар Каали кратері өрісі 7500-7600 жыл бұрын пайда болған деп есептесе, басқалары бұл тек 4000 жыл бұрын болған деп есептейді. Метеорит құлаған кезде, аралда адамдар қоныстанған болатын. Ғалымдардың пайымдауынша, алып метеорит ауада шамамен 5-10 шақырым биіктікте бірнеше бөлікке бөлініп, сынықтармен жерге құлаған. Олардың жерге соқтыққан ең үлкенінде көл пайда болды.

Ұзақ уақыт бойы Каали кратері жанартау атқылауы нәтижесінде пайда болды және су қоймасы ретінде пайдаланылды деп есептелді. Алайда 1937 жылы геолог И.Рейнвальд метеориттің құлауының бұлтартпас дәлелдерін тапты. Ол құрамында 8,3% никель бар аспан денесінің қалдықтарын тапты. Кейбір зерттеушілер 6 метрлік Каали көлінің түбінде көне құрбандықтардың іздері әлі күнге дейін сақталған деп есептейді. Дегенмен, судағы емен діңдері ғалымдарға 4 м-ден астам тереңдікте зондтау жүргізуге мүмкіндік бермей отыр.[1][2][3][4]

Қазір Каали кратері Курессааре қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан және он алты метрлік жер қоршаумен қоршалған ойпат болып табылады. Дииаметрі 110 метрге жетеді. Бұл осы аймақтағы ең үлкен кратер, бірақ одан алыс емес жерде диаметрі кішірек тағы 8 кратер бар - 15-40 метр.

Каали кратері мұражай кешенінің құрамына кіреді, онда метеориттер мұражайы, қонақ үй, дүкен орналасқан. Кешеннің жанында сонымен қатар Kaali трактирі орналасқан.[5]

Каали кратері
Каали кратері 2006 ж Каали кратері 2007 ж Мұражайдағы метеориттің фрагменті Доломит жынысының фрагменттері Кратер кескіні

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]