Йоханнес Георг Беднорц

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Йоханнес Георг Беднорц
нем. Johannes Georg Bednorz

Йоханнес Беднорц на открытии нанотехнической лаборатории, 2009 год
Туған күні

= 16.05.1950

Туған жері

Нойенкирхен, ГФР

Азаматтығы

 Германия

Ғылыми аясы

физика

Марапаттары


Нобель сыйлығы — 1987 Үлгі:ГФР Құрмет орденінің Жұлдызды және иық белдемесі бар Үлкен Крестінің кавалері

Йоханнес Георг Беднорц (нем. Johannes Georg Bednorz; 16 мамыр 1950, Нойенкирхен, Германия) – неміс физигі. Жоғары температуралық асқын өткізгіштікті ашқаны үшін 1987 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (Александр Мюллермен бірге).

Қысқаша өмірбаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эмсдеттендегі Мартинум гимназиясында мектепті және университетке түсуге дайындық курсын (Abitur) бітіргеннен кейін Беднорц 1968 жылы Мюнстердегі Вестфалдық Вильгельм университетіне оқуға түсті. Көптеген студенттердің арасында өзін жайсыз сезінгендіктен, сондай-ақ химиялық зертханалық жұмыстарға қабылдау емтиханынан өте алмағандықтан, ол өзінің мамандығын минералогияға ауыстырды. Ол кристаллография саласында профессор Вольфганг Гоффманның жетекшілігімен синтетикалық перовскиттер тақырыбында диссертация жазды.

1972 жылдың жазында Беднорц Цюрихтегі (Швейцария) IBM ғылыми-зерттеу зертханасында студент интерн ретінде жұмыс істеді. Бір жылдан кейін ол тағы да сол жерде тағылымдамадан өтті, ал 1974 жылы алты ай бойы Ганс Йорг Шеелдің жетекшілігімен сол зертханада перовскит кристалдарының (Sr TiO 3) сипаттамасы мен өсуі туралы диссертациясына тәжірибелер жүргізді. 1977 жылы Мюнстерде тағы бір жыл өткізгеннен кейін Беднорц профессор Хайни Гранихер мен Александр Мюллердің жетекшілігімен Цюрихтегі Жоғары техникалық мектепте «қатты дене физикасы зертханасында» диссертация жұмысын бастады.

1982 жылы IBM-де жұмыс істей бастағаннан кейін, ол 1983 жылы Мюллермен бірге мыс оксиді керамикасындағы жоғары температуралық асқын өткізгіштік бойынша жұмысын бастады. Олар бұл материалдар асқын өткізгіштер болуы мүмкін деген үмітпен жаңа материалдарды жүйелі түрде сынады. 1986 жылы олар барий-лантан-мыс оксидіндегі асқын өткізгіштікті 35 К (-238 °C) температурада анықтай алды, бұл бұрын жеткен асқын өткізгіштік температурадан — 12 К-ға жоғары. Бұл жұмысы үшін оларға 1987 жылы физика бойынша Нобель сыйлығы берілді.

1992 жылы "Адамзатқа ескерту"қол қойды[1].

Марапаттау және тану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1986 — Marcel Benoist Prize (ағыл.)
  • 1987 — Klung Wilhelmy Science Award (ағыл.)
  • 1987 — Фриц Лондон сыйлығы
  • 1987 — Дэнни Хайнеман сыйлығы
  • 1987 — Robert-Wichard-Pohl-Preis (нем.)
  • 1987 — Физика бойынша Нобель сыйлығы
  • 1988 — «Хьюллетт-Пакард» сыйлығы
  • 1988 — Жаңа материалдардағы зерттеулер үшін Джеймс Макгруди сыйлығы
  • 1988 — Шредингер лекциясы (Лондондағы Императорлық колледж)
  • 2018 — АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі[2]

Таңдаулы басылымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Bednorz J.G., Müller K.A. Possible high 𝑇𝑐 superconductivity in the Ba-La-Cu-O system // Zeitschrift für Physik B. — 1986. — Vol. 64, № 2. — P. 189-193. — doi:10.1007/BF01303701. Blazey K.W., Müller K.A., Bednorz J.G., Berlinger W., Amoretti G., Buluggiu E., Vera A., Matacotta F.C. Low-field microwave absorption in the superconducting copper oxides // Physical Review B. — 1987. — Vol. 36, № 13. — P. 7241-7243. — doi:10.1103/PhysRevB.36.7241. Беднорц И.Г., Мюллер К.А. Оксиды перовскитного типа — новый подход к высокотемпературной сверхпроводимости (Нобелевская лекция) // УФН. — 1988. — Т. 156, № 2. — С. 323-346. — doi:10.3367/UFNr.0156.198810d.0323.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. World Scientists' Warning To Humanity  (ағыл.). stanford.edu (18 November 1992). Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 желтоқсан 1998.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 3 шілде 2019.
  2. J. Georg Bednorz  (ағыл.). nasonline.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 маусым 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 3 шілде 2019.
  • Bednorz J.G. The Discovery of High-TC Superconductivity and Its Decisive Circumstances // High-Tc Superconductivity 1996: Ten Years after the Discovery / ed. E. Kaldis, E. Liarokapis, K.A. Müller. — Springer, 1997. — P. 1-6. — doi:10.1007/978-94-011-5554-0_1.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]