Жуашықты қоңырбас
Жуашықты қоңырбас | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Poa bulbosa L. |
Жуашықты қоңырбас (лат. Poa bulbosa) – астық тұқымдасының қоңырбас туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Барлық Қазақстанда кездеседі. Далаларда және шөлдерде, құмда және сазды жазықтарда кездеседі, таудың құрғақ беткейлерінде, ол кейде Альпі белдеулеріне дейін көтеріледі. Бұл көпжылдық биіктігі 30-50 см-ға дейін көтеріледі. Онша үлкен емес түп құрады. Сабағының төменгі жағындағы пиязшық тәрізді жуан бөлігіне қор жинайды, соның есебінен ерте Көктемде өсіп жетіледі. Жапырақтары қысқа, жіңішке таспа тәрізді, гүлшоғыры қою шашыраңқы, сопақша сыпыртқы пішінді. Қазақстанда бұл түрдің ерекше тірі туған түрі өседі. Гүлдің орнына мұнда бүршік жетіледі. Гүлдердің қабыршақтары төменгі жағы ұзарып-жуандап, пиязшыққа айналады. Жаңбырлы жылдары пиязшықтан өсіп-өну әдетте өсімдік қурап қалғанға дейін болады. Мұндай жағдайда жас өсімдіктің жапырақтары жан-жаққа шашырап қалатындықтан, қоңырбастың гүлшоғыры жалбырап көрінеді . Мамырдың аяғынды-Маусымда аналық өсімдік қурап қалады және "пиязшықтарын "("ұрпақшыларын ") жерге тастайды. Олар желмен тез таралады. Және күздің алғашқы жаңбырынан соң да өне бастайды.
Пиязшықты қоңырбас - төзімді өсімдік, топырақтың сортаңдығына, тастақты топыраққа төзеді. Ең бір мықты қасиеті малдың таптауында да қарсы тұра алады. Далалы жерлер қау, бетеге сияқты астық тұқымдастар мал көп жайылған жерлерден тез жоғалып кетеді, ал олардың орнын жуашақты қоңырбас басады. Көп жерлерде, әсіресе тауларда қоңырбастың көптігі алдыңғы жылдарда мал жайылғандығын білдірді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан жануарлары сериясы