Есугей баһадүр
Есугей баһадүр моңғ. Есүхэй баатар | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
—1171 | ||
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | 1134 | |
Қайтыс болуы | 1171 | |
Династия | Бөржеген үйі | |
Туған кездегі есімі | Есугей | |
Әкесі | Бартан баһадүр | |
өңдеу |
Есугей баһадүр (моңғ. Есүхэй баатар) — моңғол тайпасының батыры және дүйім моңғолдың әйгілі билеушісі болған.[1] Есугей ресми түрде хан болып сайланбады. Тек оның ұлы Темучин (Шыңғыс хан) ғана Хотолдан кейінгі моңғолдардың төртінші ханы танылып, ресми түрде таққа отырды.
Қамбағай ханның қазасынан соң, Өгеленді жар етеді. Өзінің жаужүректілігімен көзге түскен Есугей ұлы темучин туар кезде, татардың Темучин және Қарабұқа деген батырлардың қолына түседі. Бір кезде маңғол ханы Әмбағанды қолға түсіріп, Қытай ханына берген осы екі батыр шыққан татар тайпалары болатын. Есугей татардың сондай атақты батыры Темучинің өзі тұтқын етіп әкелген сәтте туылғандықтан, әйелі Жошыгүл бегіммен ақылдасып, ұлына ырымдап Темучин деп ат қойып, темір бесікке бөлеген. 1170 жылы қидандармен болған шайқаста Есугейдің даңқы артып, керейт Тұғырыл қағанға көмегі үшін беделі өсе түсті.Енді жасы тоғызға келген Темучинге қалыңдық табуға көшеді. Өзара қыз алысу қалыпты дәстүрге айналған. Ол танысқан, біліскен Меркіт жұртына сапар шегеді. Жолай Дай-ноянға жолығып қалады. Сосын сонда қалып, Даян-ноян Есугейді қонақ болып, құдаласқан сапарынан қайтар жолда, Шекшердің Сары даласында тойлап жатқан татарлардың үстінен түсуі неғайбыл. Татар тайпасының ұйытқы мекені - Ұлы Даланың шығыс бөлігі. Есугейдің оң қатпалға қиыс бұрылуы мүмкін емес. Шөліркеуі де болмаған жайт, сылтау. Ол заманда кісінің сусын құйылған жан торсығы болған. Рәшид-әд-Дин татар шежіресінде Есугей өліміне татарлардың себепкер болғаны айтылмаған. Демек, Есугей батыр өз ажалымен дүние салған.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Fleischer C. Bahādor (ағыл.). Encyclopædia Iranica. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 ақпан 2012. Тексерілді, 22 қараша 2010.
- ↑ Алтын орда. Қазақ хандығы. 1-бөлім ("Қазақстан балалар энциклопедиясы" топтамасы) ISBN 9965-26-042-7