Мазмұнға өту

Епископ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Йохан Отто фон Гемминген — католик епископы

Епископ (гр. ἐπίσκοπος — «қадағалаушы», «бақылаушы»; лат. episcopus) немесе Архиерей (гр. ἀρχιερεύς: көне грекше: ἀρχι- — «үлкен, жоғары» + ἱερεύς — «қызметкер») — Христиан дінінде ең жоғары (үшінші дәрежедегі) лауазымды діни қызметкерлердің (архиепископтардың, митрополиттердің, патриархтардың) жалпы атауы. Епископ лауазымы әуелде діни қызметкер деген ұғымды ғана білдірген. “Көне өсиет” кітабында (Левит) да осы мағынада қолданылады. Қазіргі Архиерей епархияны (діни әкімшілік аймақты) басқарады, священниктерді, дьякондарды қызметке тағайындайды, діни лауазым иелерінің және қатардағы христиандардың күнәсі мен күмәнін талқылайды, шіркеуде құдайға құлшылық ету, шоқыну, шоқындыру т.б. діни жол-жоралғы, рәсімдер өткізеді.

Бастапқыда, апостол дәуірде, «епископ» деген сөз, елші Пауылдың хаттарында Иса Мәсих ізбасарларының жеке қоғамының аға тәлімгерін білдірген. Епископтар елшілерден айырмашылығы белгілі бір қалада немесе провинциядағы христиандарды бақылап отырды (көбінесе кезбе уағыздаушылар). Кейіннен, бұл термин діни қызметтердің ең жоғарғы дәрежесінің - пресвитер мен диканаттың неғұрлым нақты мағынасын алады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Барсов Н. И. Епископ // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.