Джон Литгоу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джон Литгоу
John Lithgow
Сурет
Джон Литгоу 2007 жылы
Жалпы мағлұмат
Туған күні

19 қазан 1945 (1945-10-19) (78 жас)

Туған жері

Рочестер, Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1972 - осы уақыт

Марапаттары

«Алтын глобус» (1997, 2010)

IMDb

ID 0001475

Джон Артур Литгоу (ағылш. John Arthur Lithgow; 19 қазан 1945, Рочестер, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық актер.

Джон Литгоу Нью-Йорк штатындағы Рочестер қаласында дүниеге келеді. Оның анасы актриса, ал әкесі театр продюсері және режиссер болған. Джон Гарвардта білім алып, тарих пен әдебиетті оқыған. Университетте білім алып, театрмен айналыса бастайды. Кейін Лондондағы музыка және драма өнері академиясында оқуын жалғастырады. Лондоннан қайтып, Джон Бродвейде өнерін көрсете бастайды, 1973 жылы «Тони» сыйлығын иеленеді. 2002 жылы Sweet Smell of Success қойылымындағы рөлі үшін қайта «Тони» жүлдесінің номинанты атанған. 2005 жылы Литгоу Dirty Rotten Scoundrels мюзикліне қатысып, сыйларға ие облады. 2008-2009 жылдар аралығында Артур Миллердің «Все мои сыновья» атты қойылымына қатысады. Киноға ең бірінші рет 1972 жылы түседі. 1982 жылы «Мир по Гарпу» фильмінің арқасында «Оскар сыйлығы» жүлдесін иеленеді. 1983 жылы «Слова нежности» фильміндегі рөлі үшін жаңа номинациямен марапатталады. 1996 жылы түсірілген «Третья планета от Солнца» сериалының арқасында үлкен табысқа қол жеткізеді. «The Runaway Pancake» атты балаларға арналған кітаптың авторы. 2010 жылы «Алтын глобус», «Эмми» жүлделерінің номинанты атанған.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]