Демодуляция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Демодуляция (Demodulation). Модуляцияланған сигнал құрамынан ақпараттық сигнал(қолжетпейтін сілтеме) ды ажыратып, бөліп шығару процесі. Оны боліп шығаратын құрылғыны демодулятор деп атайды. Демодуляция екі сатыдан тұрады:

  1. ақпараттық сигналды модуляцияланған сигнал құрамынан іздеп тауып айқындау;
  2. оны бөліп шығару.

Модуляцияланған сигнал құрамынан ақпараттық сигналды табу үшін модуляцияланған сигналды қисық сызықты байланыс элементінің кірісіне берсе, оның шығысында көптеген сигналдар (тасушы және ақпараттық) комбинациясы, соның ішінде төмен жиілікті сигналы (ақпараттық сигнал) болады. Осы сигналдар құрамынан төмен жиілікті электр сүзгісі көмегімен ақпараттық сигналды бөліп шығаруға болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6