Мазмұнға өту

Гидроксилаза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гидроксилаза (лат. Hydroxylase) — оксидоредуктаза класының ферменті. Реакцияға қатысатын оттектің екі атомының тек біреуінің субстратқа қосылу реакциясын катализдейді. Оттектің қалған екінші атомы НАД-тың және НАДФ-тың тотығуы үшін жұмсалады. Табиғатта кең таралған. Гидроксилазалар əсіресе сүтқоректілердің бүйрек үсті безінің микросомаларында көп. Олар стероидті гормондардың алмасуында түзілген аралық заттардың тотығу процесіне қатысады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі