Восход

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Восход 1 және 2

Восход — Жер орбитасында ұшуға арналған көп кісілік ғарыштық кемелер сериясының атауы. 1964 – 65 ж. екі В. кемесі 5 ғарышкермен ұшырылды. Алғаш рет адамның (А.А. Леонов, 1965) ашық ғарышқа шығуы жүзеге асырылды.

«Восход-1» ғарыш кемесі 1964 жылдың 6 қазанында «Космос-47» ретінде екі рет ұшты. Бұл ұшу кезінде ғарыш кемесінде адам болған жоқ. Алты күн өткен соң 1964 жылдың 12 қазанында бортында үш космонавты бар ұшу орындалды. Бұл әлемдегі үш адамы бар тұңғыш ғарыш кемесі болды. Кеме бортында космонавт, физик және ғалым болды. Олар 336 км биіктікке көтерілді.

«Восход-2» 1965 жылдың 18 наурызында ұшырылды. Оның бортындағы екі космонавт-Павел Беляев (командир) мен Алексей Леонов тарихта бірінші болып кеме сыртына, ашық ғарышқа шықты. Леонов өзінің ғарыш кемесінен Жерді екінші рет айналуы барысында сыртқа шықты. Өзінің тарихи ерлігі барысында ол бақылаулар жасап, қимылды суреттер түсірді. Ол «Восход-2»-ге кіргенге дейін 12 минут бойы сыртта болды. Леонов өзінің ғарышта жүруін Сербияның үстінде орындады. «Восход-2» ғарышта 26 сағат болып,жер атмосферасына қайта оралды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]