Бұғаздар туралы Лондон Конвенциялары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лондон Конвенциясына қол қойған мемлекеттер

Бұғаздар туралы Лондон КонвенцияларыЕуропа елдерінің бұғаздарды пайдалану жөніндегі келісімдері. 1839 жылы Египет әмірлігі Францияның қолдауына сүйене отырып, Түркияға қарсы соғыста жеңіске жетті. Бірақ Францияның шығыстағы ықпалының күшеюіне жол белгілері келмеген Еуропа елдері (Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Австрия, Пруссия) 1840 жылы 3 (15) шілде күні Лондон конвенциясына қол қойды. Олар Египетке дипломатиялық қысым жасап, басып алған жерлерін дереу Түркияға қайтару жөнінде талап етті. Бұл шартқа келіскісі келмеген Египетке Ұлыбритания мен Австрия соғыс ашып, оны тізе бүгуге мәжбүр етті. Осыдан кейін 1841 жылы 1 (13) шілде күні Ұлыбритания, Франция, Түркия, Ресей, Австрия, Пруссия мемлекеттері 2-Лондон конвенциясын жасады. Бұл келісім бойынша, Босфор және Дорденелл бұғаздары бейбіт кезеңде Түркиядан басқа елдердің соғыс кемелері үшін жабық деп жарияланды. Түрік сұлтанының өзіне дос мемлекеттерге соғыс кемелерін бұғаздан өтуге рұқсат беру құқы сақталынды. 3-Лондон конвенциясына 1871 жылы 1 (13) наурызда қол қойылды. Оған Англия,Ресей, Түркия, Германия, Франция, Австрия-Венгрия, Италия қатынасты. Бұл конвенцияда 1856 жылы Париж трактаты бойынша белгіленген Қара теңіздің бейтараптығы жойылды. Ресей Қара теңізде соғыс флотын ұстауға, теңіз жағалауында әскери құрылыстар салуға ерікті болды. Алдыңғы конвенцияларда көрсетілген бұғаздардан шет ел кемелері өтпейтін болсын деген шешім күшінде қалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том