Мазмұнға өту

Бір жасушалылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бір клеткалылар

Бір жасушалылар – бүкіл денесі бір ғана жасушадан құралатын организмдер. Б. к. өздерінің құрылымына қарай: прокариотты және эукариотты болып бөлінеді. Прокариоттыларға жасуша ядросы болмайтын бактериялар және көк-жасыл балдырлар немесе цианобактериялар жатады. Эукариоттыларға жасуша ядросы бар, митоз жолымен бөліне алатын жасыл балдырлар және қарапайымдар жатады. Б. к-дың көпшілігін тек микроскоп арқылы көруге болады. Бұлардың көлемі 2 мк-нан 3 см-ге дейін жетеді. Пішіні әр түрлі. Б. к-дың арасында денесі өте қарапайым құрылысты (хлорелла, амеба), сондай-ақ күрделі құрылысты (ацетабулярия, инфузория) болып келетіндері де бар. Б. к. теңізде, өзенде, шалшықты суларда, құрлықта да кездеседі. Олардың арасында басқа жануарларға жем болатын, сондай-ақ адам мен жануарларды ауруға шалдықтыратын түрлері де кездеседі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы