Мазмұнға өту

Боб Брайан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Боб Брайан
Роберт Чарльз Брайан
Туған күні

1978 (37 жас), 29 сәуір

Туған жері

Флорида

Азаматтығы

американдық

Роберт Чарльз "Боб" Брайан - американдық кәсіпқой теннисші. Ол және оның егіз бауыры жұптасып ойнаудан әлемдік рейтнигтің бірінші орынын ең ұзақ уақыт ұстап тұрғанымен әйгілі. Олар бұл позицияны 380 апта бойы ешкімге бермеген. Ол 23 рет "Үлкен Дулыға" санатындағы жарыстарды жеңіп алған: оның 17-cі өз ағасымен жұптасып ойнаудан болса, жетеуін аралас ойыннан, яғни, ерлер мен әйелдер бірігіп ойнайтын жұптық бәсекеде жеңіп алған. Ол спорттық мансабын 1998 жылы бастады. Брайан тегін иемденген бұл ағайындылар 2012 жылғы Жазғы Олимпиадада ерлер арасында жұптасып ойнаудан алтын дулығаны ұтқан екінші жұп болып саналады.

Теннистік карьера

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жұптық сындағы рекордттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 16 рет үлкен дулыға санатындағы жарыстардың жеңімпаздары
  • 27 рет үлкен дулыға санатындағы жарыстардың финалистері
  • 10 рет қатарынан Халықаралық Теннис Федерациясының (XTФ) әлем чемпиондары
  • 102 ATP санатындағы турнирлердің жеңімпаздары, 153 ATP жарыстарының финалистері
  • 397 апта бойы рейтингте 1-орында болған
  • 1000-нан астам ойында жеңіп шыққан
  • 10 жыл қатарынан кем дегенде үлкен шлем турнирлерінің жылына біреуін ұтып отырған жалғыз жұп

Өзге де ақпараттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағайынды Брайандар ұтып алған алғашқы Үлкен дулыға турнирі 2003 жылғы Roland Garros болып саналады. Финалда олар Евгений Кафельников пен Пола Хаархусті жеңді. Американдық ағайындылар АҚШ жалауын 2003 жылдан бері қорғап, осы уақыт аралығында 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет қана ұтылған.

Қызықты оқиғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бобтың әкесі, Уэйн Брайан «Формула: Балаңызды қалай чемпион қылып өсіруге болады» деген кітап жазып шықты.
  • Боб пен Майкқа балалық шақтарында бір-біріне қарсы ойнауға тыйым салған. Егер жеребе оларды кездестірсе ағайындылар жеңісті кезекпе-кезек автоматты түрде алып отырған. Кейін ересектер арасында бұл екеуі өзара сегіз рет ойнады.
  • АҚШ құрамасының капитаны Патрик Макинрой ағайындыларды үлкен дулыға санатындағы турнирлерді ұтып алмайынша АҚШ құрамасына енгізбеуге келіскен.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми сайт(қолжетпейтін сілтеме)