Мазмұнға өту

Биосынама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Миға жүргізілген биопсия.

Биопсия (био және грек. opsіs — көру) — аурудың сипатын анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесіп алып, морфологиялық әдіспен тексеру.

Биопсия әдісі 19 ғасырдың ортасынан медицинаға ене бастады. Биопсия арқылы алынған затты биоптат деп атайды. Оны әр түрлі жолдармен кез келген органнан алуға болады. Биопсия, негізінен, хирургияда, урологияда, онкологияда, гастроэнтерологияда және пульманологияда кеңінен қолданылады. Ішек-қарын және тыныс алу жолдарынан биоптат аспирация жолымен алынады, яғни зақымданған органдарға жарық беретін, ұшында арнайы пышақшалары бар жіңішке түтікше аспаптар (гастрофиброскоп, бронхоскоп) енгізіледі, сол жерден кішігірім тін кесіп алынады. Бауыр, бүйрек, талақтан пункция әдісімен (теріні жуан инемен тесу арқылы) сұйық зат сорылып алынады.

Мидан, жілік майынан биоптат алу үшін трепанация әдісі арқылы алдымен сүйекті тесіп, жуан инемен ауырған жерден сұйық алынады. Биопсияның, әсіресе, қатерлі ісіктерді анықтаудағы маңызы зор, сондай-ақ, қатерсіз ісіктердің немесе созылмалы сырқаттардың қатерлі ісікке айналуының алғашқы белгілерін тек биопсия әдісі арқылы ғана анықтауға болады. Биопсияны науқасқа операция жасап жатқан кезде кездейсоқ байқалған сырқаттарды анықтау үшін де қолданады.[1][2]

Сұйық биопсия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сұйық биопсия — ісік жасушаларын (CTC) және олардың пациент қанындағы ДНҚ-сын (ctDNA) айқындаудың жаңа әдімтемесінің бейресми атауы. 2014 жыл басталғанға дейін әдістеме тек қана зертханалық әдістеме деп саналды және практикалық онкологияда қолдануға болмайды деп есептелді. 2014 жылғы ақпанда зерттеу жарияланып,[3] оның авторлары обырдың алуан түрлерін ерте анықтау үшін сұйық биопсияның болашағы зор екенін көрсетуге қол жеткізді.[4]

Бұл емшара, ғалымдардың пікірінше, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуде төңкеріс жасай алады, өйткені бұл ісік жасушаларын симптомдар пайда болғанға дейін ерте анықтауды жеңілдетеді. Сұйық биопсия дәрігерге жалпы көріністі көруге және обыр жасушаларының организмде қалай таралатынын түсінуге көмектеседі, ал әдеттегі биопсия тек жергілікті ісік туралы ақпарат береді.

Осы тұрғыдан алғанда, қатерлі ісікке қарсы иммундық терапия кезінде сұйық биопсияны қолдану өте қызықты. Иммундық препараттармен емдеу өте қымбатқа түседі, сондықтан болашақ емдеудің ұтымдылығына алдын-ала көз жеткізу керек. Науқас организмініңі қалай әрекет ететінін сұйық биопсия арқылы білуге болады.

Иммундық терапия алдында сұйық биопсияны қолданудың мәні иммунотерапия сеанстарына тиімді ден қою белгілерінің болуын анықтау болып табылады. Сұйық биопсия әдісін қолдана отырып, ісік ДНҚ-дағы белгілі бір өзгерістерді бақылауға болады, бұл өз кезегінде иммундық терапия сеанстарын тағайындау үшін пациенттердің санатын анықтау үшін (емдеудің басқа түрлері тиімсіз немесе көп дәріге төзімділі ісіктердің түрлері)[5] жақсы биомаркер болып табылады. Талдау мүлдем айыртпайды және шеткергі қан үлгісінде жүргізіледі.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  3. Detection of Circulating Tumor DNA in Early- and Late-Stage Human Malignancies. science.org. Тексерілді, 26 қаңтар 2023.
  4. The Liquid Biopsy: A Noninvasive Tumor Tracker. medscape.com. Тексерілді, 26 қаңтар 2023.
  5. Who Are the Best Candidates for Anti-cancer Immunotherapy?. ibiotherapy.com. Тексерілді, 26 қаңтар 2023.
  6. Blood-Based Cancer Biomarkers in Liquid Biopsy: A Promising Non-Invasive Alternative to Tissue Biopsy. ncbi.nlm.nih.gov. Тексерілді, 26 қаңтар 2023.