Мазмұнға өту

Бейрут

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Бейрут
بيروت
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Ливан

Статусы

Астана

Аймағы

Бейрут

Басшысы

Абдель Арисс

Тарихы мен географиясы
Координаттары

33°53′13″ с. е. 35°30′47″ ш. б. / 33.88694° с. е. 35.51306° ш. б. / 33.88694; 35.51306 (G) (O) (Я)Координаттар: 33°53′13″ с. е. 35°30′47″ ш. б. / 33.88694° с. е. 35.51306° ш. б. / 33.88694; 35.51306 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

1500 б.з.б.

Жер аумағы

20 км²

Орталығының биiктігі

0 м

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

361 мың (UN, 2007)[1] адам (2007)

Тығыздығы

18 050 адам/км²

Агломерация

1,9 млн

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

01

beirut.gov.lb
 (ар.) (фран.) (ағыл.)

Бейрут картада
Бейрут
Бейрут

Бейрут (араб.: بيروت‎ Bayrūt, арм. Պէյրութ / Բեյրութ Beyrut, гр. Βηρυττός Bērytós, лат. Berytus, ивр. ביירות‎ Beirut, Үлгі:Lang-arc Birot, фр. Beyrouth) — Ливан мемлекетінің астанасы, ежелгі тарихи қала. Жерорта теңізі жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,5 млн-нан астам (1990). Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдерін байланыстырып тұрған аса ірі портты қала. Сауда, жеңіл өнеркәсіп, туризм жақсы дамыған. Қалада халықаралық әуежай, университеттер, ұлттық кітапхана, тарихи және өнер музейлері бар. Бейруттың іргесін б.з.б. ХVIII ғасырда (кейбір деректерде б.з.б. XV ғасыр) финикиялықтар қалаған. Кейін (б.з.б. III ғ. — б.з. IV ғ.) өз ақшаларын шығарған аса ірі сауда және қолөнер орталығына айналды. 635 жылдан бастап Араб халифатының құрамына кіріп, халқы мұсылман дінін қабылдады. Осы кезеңде Бейрут мұсылман өркениетінің ірі орталығына айналды. XII — XIII ғасырлар аралығында крестшілдер мен мұсылмандар арасындағы шайқас алаңына айналып, XIV — XV ғасырларда мәмлүктер билеген Мысыр сұлтандығына бағынды. 1516 — 18 жылдары Осман сұлтандығының құрамында болды. 1918 жылы қазан айында қаланы Антанта әскерлері басып алды. Бейрут 1920 — 43 жылдары Франция мандаттығымен құрылған “Ұлы Ливан мемлекетінің” (1926 жылдан Ливан республикасы), ал 1943 жылы тәуелсіз Ливан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1975 жылы Ливанда мұсылмандар мен христиандар арасында қарулы жанжал шығып, 1978 жылы елдің оңтүстік бөлігін Израиль басып алды. 1983 жылы құрылған Ұлттық құтқару майданы мүшелерінің іс-қимылдары нәтижесінде әрі Араб Лигасы елдерінің араласуымен ұлттық татулыққа қол жеткізіліп, 1984 жылы 5 наурыздағы келісімге сәйкес Израиль әскерлері басып алған жерлерінен кері шегінді. Осы әскери қақтығыстар кезінде Бейрут үлкен бүліншілікке ұшырады. Бейрутте ежелгі және орта ғасырлардан қалған көптеген тарихи ескерткіштер сақталған. Олардың қатарында Джами әл-Омари мешіті (XIII ғ.) және Сарай мешіті (XVI ғ.), тағы басқа тарихи ғимараттар бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]