Бейвербалды коммуникация
Бейвербалды коммуникация немесе бейвербалды қарым-қатынас – сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі.[1] Бейвербалды сигналдарға қарым-қатыныстағы партнерлердің эмоционалдық жағдайын білдіретін ым-ишара, жест, поза, жазу ерекшеліктері т.б. жатқызады.
Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асады. [2]
Белгілі бір тілдік емес белгілермен және символдармен – бейвербалды хабарлармен алмасу, сонымен қатар оларды түсіну, интерпретациялау. Тарихи тұрғыда бейвербалды қарым-қатынас құралдары тілден бұрын пайда болған. Осы белгілер мен символдардың ішінде әр мәдениеттің өзіне тән және айналадағыларға түсінікті мән жатыр. Қажет болған жағдайда олар тек кейбіреулерге ғана түсінікті мағынаны оңай білдіре алады (қарапайым жөтел басшылықтың келе жатқанын білдіретін белгісигнал бола алады). Бейвербалды хабарлар кең көлемдегі ақпаратты беруге қабілетті.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ БЕЙВЕРБАЛДЫ КАРЫМ-КАТЫНАСТЫН ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ.
- ↑ БЕЙВЕРБАЛДЫ КАРЫМ-КАТЫНАСТЫН ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ.
- ↑ Мәдениаралық қарым-қатынас. Қазақша-орысша терминдер оқу сөздігі / құраст.: Г.Б. Мадиева, Ж.Р. Сейітметова, М.М. Мәмбетова, Д.Б. Мәдиева. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 89 б.