Ба Цзинь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ба Цзинь
қыт. 巴金

1938.ж
Туған кездегі есімі

Ли Яотан

Лақап аты

Ба Цзинь

Туған күні

25 қараша 1904 (1904-11-25)

Туған жері

Чэнду, Сычуань, Цинь империясы

Қайтыс болған күні

17 қазан 2005 (2005-10-17) (100 жас)

Қайтыс болған жері

Шаңхай, Қытай

Азаматтығы

 Қытай

Ұлты

Қытайлық

Мансабы

Жазушы, Аудармашы, Прозашы, Романтанушы

Шығармашылық жылдары

1928 жыл2005 жыл

Шығармалардың тілі

Қытай тілі

Дебюті

Дауыл: Отбасы, Көктем және Күз Махаббат трилогиясы: Тұман, Жаңбыр және Найзағай

Марапаттары

Құрметті Легион ордені (1983.ж)
Фукуоки сыйлығы (арнайы сыйлық) (1990.ж)

Ба Цзинь (қыт. 巴金; туған кездегі есімі – Ли Яотан; 25 қараша 1904 жыл, Чэнду, Сычуань17 қазан 2005 жыл, Шаңхай) — қытай жазушысы, аудармашы. 1985-2005 жылдарда Қытай Жазушылар одағының мүшесі болған. Он миллион не одан да көп иероглифтермен 26 томдық еңбек жазған. Өзге тілдерден 10 томға жуық туындыларды аударған. 1904 жылы 25 қарашада Сычуань провинциясының Чэнду қаласында дүниеге келген. 1920 жылдың тамызында Чэндудағы Шет тілдер мектебіне қабылданады.

Алғашқы мақаласы 1921 жылы лақап атпен жарияланады. 1923 жылы Нанкин Ұлттық университетіне түседі. 1927-1929 жылдары Францияда оқыған. 1934 жылы Жапонияға оқуға барады. 1957 жылдың шілде айында «Шоухо» әдеби журналының бас редакторы болып тағайындалады. 1979 жылы Қытай Жазушылар одағының вице-төрағасы, ал 1985 жылдан 2005 жылға (қайтыс болған) дейін сол одақтың төрағасы болған. 2003 жылы 25 қарашада Ба Цзиньге «Халық жазушысы» құрметті атағы берілді. Ба Цзинь 2005 жылы 17 қарашада Шанхай ауруханасында 100 жасында (қытай күнтізбесі бойынша 101) қайтыс болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Петров В., Творчество Ба Цзиня и его роман "Семья", в кн.: Ба Цзинь, Семья, пер. с кит., М., 1956