Мазмұнға өту

Аннаба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аннаба

АннабаАлжирдің солтүстік-шығысындағы ірі қала

1830-1963 жылдар аралығында Бон деп аталды. Аннаба провинциясының әкімшілік орталығы және Жерорта теңізінің жағалауындағы Бон шығанағында орналасқан портты қала. Халық саны 348 мың адам (1998 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың негізін 7 ғасырда араб әскері қалаған болатын. Ертерек бұл орында біздің заманымызға дейінгі 1 ғасырда римдіктер салған Гиппон атты антикалық қала болған. Рим империясы құлағаннан кейін қаладағы ғимараттарды герман вандалдары бақылаған болатын. 534 жылы қаланы Византиялықтар, ал 647 жылы Араб халифаты басып алған. Осыдан кейін қалада Ислам діні кең тарап, 1033 жылы Сиди-бу-Меруан мешіті бой көтереді. Орта ғасырдың аяғына таман Испания, Португалия секілді Еуропа державаларының қалаға қызығуы арта түсті. 1830-1962 жылдары Франция қаланы өз отарына айналдырды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]