Анабиоз
Анабиоз (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Анабиозға түсу мүмкіншілігі, ағзаның өмірдің күрт келеңсіз жағдайында тіршілік етуіне ықпал етеді. Анабиоз өсімдіктердің және жануарлардың микроағзаларында таралған. Өмір сүру үшін қолайлы жағдай туганда анабиозға түскен ағзалар белсенді өмірге қайта оралады.[1]
Анабиоз құбылысы омыртқасыз жануарларда, әсіресе, микроорганизмдер арасында жиі байқалады, сондай-ақ омыртқалы жануарлар мен өсімдіктер арасында да кездеседі. Кептіру, мұздату, қыздыру сияқты әсерлерге спора түзетін бактериялар, көзге көрінбейтін саңырауқұлақтар, қабықтанғыш қарапайымдар (циста түзетіндер) өте төзімді келеді. Анабиоз құбылысына мысал ретінде көптеген өсімдік тұқымдарының кептіргеннен соң ұзақ уақытқа өзінің өну қасиетін сақтап қалуын келтіруге болады. Жануарлар арасындағы Анабиоз құбылысын 1701 жылы голланд ғалымы А.Левенгуг ашқан. Гидра, құрт, моллюска, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар Анабиоз құбылысы кезінде денесіндегі судың 1/2, кейде 3/4 бөлігін жоғалтады. Анабиоз қоршаған орта температурасы 0°С-қа төмендеген кезде қысқы ұйқыға кететін сүтқоректілерде де байқалады. Жасанды Анабиоз кезінде жануарлардың организміндегі тін аралық сұйық мұзға айналмай, тек тоңазыған қалпында болса ғана ол қайта тіріледі. Ал жасуша және белок молекулаларының]] құрам құрылымын бұзатын мұз кристалдары пайда болса, жануар қайта тірілмейді. Сүтқоректілердің қысқы ұйқысы мен тоңазу салдарынан болатын Анабиоз олардың жазғы ұйқысы мен құрғақшылық салдарынан болатын Анабиозға ұқсас. Анабиоз құбылысын кептіру, тоңазыту арқылы қолдан жасап, оны құрғақ тірі вакцина, бактериялар, вирустар, ісік жасушаларын, адам организміне қайта отырғызылатын түрлі тін және мүшелерді ұзақ уақыт сақтау кезінде қолданады. Жүректі, өкпені, миды хирург. жолмен емдегенде адам денесін тоңазыту, сондай-ақ ғарышқа ұшқан ғарышкер организмінің зиянды әсерлерге төзімділігін арттыру үшін де Анабиоз құбылысының маңызы зор.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN9965-08-286-3
- ↑ Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |