Анабар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Анабар
sah/Анаабыр
Сипаттамасы
Ұзындығы 939 км
Су алабының
ауданы
100000 км²
Су алабы Лаптевтер теңізі
Су шығыны 498 м³/с
Су ағысы
Бастауы Анабар үстірті
 • Биіктігі 450-ден биік м
 • Координаттары 69°26′39″ с. е. 106°20′20″ ш. б. / 69.444120° с. е. 106.338845° ш. б. / 69.444120; 106.338845 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Лаптевтер теңізі
 • Орналасқан жері Анабар шығанағы
 • Биіктігі 0 м
 • Координаттары 73°12′30″ с. е. 113°33′25″ ш. б. / 73.20833° с. е. 113.55694° ш. б. / 73.20833; 113.55694 (G) (O) (Я)Координаттар: 73°12′30″ с. е. 113°33′25″ ш. б. / 73.20833° с. е. 113.55694° ш. б. / 73.20833; 113.55694 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Ресей
Аймақ Якутия
Анабар - Якутиядағы өзен

Анабар (сах. -{Анаабыр}-) — Якутияның солтүстік-батысындағы өзен.

Ұзындығы 939 км, алабы 100 мың км. Жылдық орта су шығысы 498 m³/сек.

Анабар үстүртінің оңтүстік бөлігінен (Орта Сібір таулы үстүрті) басталып, Лаптевтер теңізіне құйылады.

Жоғары ағысында аңғары тар, беткейлері тік жарлы болып келеді. Солтүстік Сібір ойпатына шыққаннан кейін едәуір кеңейеді. Сағасында (Крест мүйісі) суы таяз эстуарийге айналады (Анабар кірмесі).

Алабында көлдер көп. Қар, жаңбыр су жолдарымен толады.

Қыркүйек аяғында қатып, маусымның басында түседі.


Басты салалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кіші Куонамка
  • Үлкен Куонамка
  • Уджа
  • Уэле
  • Суолама
  • Харабыл

Анабар алабында алмас кені бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998