Амантай Акрамұлы Әубәкіров
Амантай Акрамұлы Әубәкіров | |||||||||||||||
Лауазымы | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин | ||||||||||||||
Өмірбаяны | |||||||||||||||
Білімі | КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі (1984) | ||||||||||||||
Дүниеге келуі | 27 ақпан 1963 (61 жас) Алматы, Қазақ КСР | ||||||||||||||
Әскери қызметі | |||||||||||||||
Құрамында болды | КСРО Қазақстан | ||||||||||||||
Атағы | генерал-майор | ||||||||||||||
Марапаттары |
| ||||||||||||||
өңдеу |
Амантай Акрамұлы Әубәкіров (27 ақпан 1963, Алматы) — қазақстандық әскери қайраткер, полиция генерал-майоры (2010). ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Амантай Акрамұлы Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еңбек жолын 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып бастаған.
1984-1991 жылдары — Алматы қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі болды.
1991-1995 жылдары — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қылмыстық милиция бөлімінің басшысы болды.
1995 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды.
1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша БСА Бас басқармасының Медеу ауданы бойынша БСА бөлімінің басшысы болды.
1997-2000 жылдары — Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.
2000-2001 жылдары — Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.
2001-2003 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер Бас басқармасы қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары болды.
2003-2007 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы болды.
2007-2009 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары болды.
2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
2011-2017 жылдары — Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.
2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 3 қарашасына дейін — Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болды[1][2].
2019 жылдың 4 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады[3].
Марапаттары мен атақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 дәрежелі «Даңқ» ордені
- 2 дәрежелі «Даңқ» ордені
- 2 дәрежелі «Айбын» ордені
- «Ерлігі үшін» медалі
- «Әскери қарудан атудан» Қазақстан Республикасының спорт шебері
- Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері
- Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және КСРО Ішкі істер министрлігінің мекемелік марапаттары.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үйленген, үш баласы, жеті немересі бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 27 ақпанда туғандар
- 1963 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда туғандар
- Даңқ орденінің иегерлері
- II дәрежелі Айбын орденінің иегерлері
- Ерлігі үшін медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері
- ҚР полициясына 15 жыл төс белгісінің иегерлері
- Қазақстан Республикасы полициясына 20 жыл төс белгісінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының полициясына 25 жыл төсбелгісімен марапатталғандар
- Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңген қызметкерлері
- Қазақстан генерал-майорлары