Мазмұнға өту

Альбинизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Альбинизм

Альбинизм , реңсіздік (лат. albus — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді. Адамдар мен жануарлардың түрге тән сыртқы пигментациясы іштен туа қалыпты аспай көзі, қасы, шашы, түгі, терісі т.б. өзгелерден ерекше түске боялады. Өсімдіктерде альбинизм олардың жасыл түске толық немесе жартылай боялмай шығуымен байқалады. Зертханалық жануарлардың таза линияларының альбионостары генетикалық тәжірибе үшін қолданылады.[1]

Альбинос - қыз, Гондурас

Альбинизмге ұшыраған жануарлар мен адамдардың терісі мен жүнінде және көздің нұрлы қабықшасында тиісті пигменттің (меланин) жоқтығынан олар бозғыл тартады. Ал өсімдіктерде хлорофилл болмауынан фотосинтез процесі тоқтайды да, өсімдік өз тіршілігін жояды. Альбинизмге шалдыққан организмді альбинос деп атайды. Альбиностардың жарықты сезінуі өте жоғары болады. Лабораториялық жануарлардың (қоян, егеуқұйрық тышқан т. б.) таза альбиностары тек зерттеу жұмыстары үшін өсіріледі.[2][3] Альбиностар (лат. albus – ақ) – туа пайда болған жануарлар мен адамның тері жабынында және көздерінің нұрлы қабығында түрлі түс беретін пигментті клеткалары болмайтын жеке дарабастар. Альбиностық белгі тұқым қуалайды. Ол гомозиготалы организмдердегі рецессивті генмен тікелей байланысты жануарларда меланин, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлорофилл пигменттерінің түзілмеуінен пайда болады. Кейде альбиностық белгі ақ дақты түсті геннің көрініс беруінен адам денесінде ақ түсті дақтар пайда болады. Бұл кезде көздің нұрлы қабығында түс беретін пигменттер сақталады. Өсімдіктердегі альбиностық белгілер де хлоропластидтердегі тұқым қуалаушылық өзгерістермен тығыз байланысты болады. Лабораториялық жағдайларда таза альбиностық белгілері бар жануарлар (егеуқұйрықтар, тышқандар, т.б.) ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін арнайы қолдан өсіріледі. [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  3. Albinos, Long Shunned, Face Threat in Tanzania (ағыл.)
  4. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;