Мазмұнға өту

Академиялық есу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бүкіл сегіз түрлі қайықтың түрлері, алтауы Олимпиялық ойындардан

Академиялық есу — есу спортының бір түрі. Академиялық есу спорты XIX ғасырдың 1-жартысында Ұлыбританияда пайда болды. [1] Халықаралық федерациясы 1892 жылы құрылды. Оған 71 ел мүше (1991). Академиялық есу 1900 жылдан Олимпиада, 1962 жылдан дүниежүзілік, 1893 жылдан Еуропалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Қазақстанда спорттың бұл түрі алғаш 1968 жылы Теміртауда жолға қойылды. Ал 1974 жылдан бастап республика спортшылары халықаралық жарыстарға қатыса бастады. КСРО құрама командасы сапында жарысқа қатысқан В.Дебеслов дүние жүзі чемпионы (1978), А.Бакарасев (1979), Т.Котлярова (1979), Н.Баранова (1989 жылы) Дүние жүзі чемпионаттарының, С.Демиденко “Достық ойындарының” қола жүлдегерлері (1984) атанды.[1]


Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Қазақ энциклопедиясы, 1-том