Айқұлақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Айқұлақ

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Жұмсақденелілер
Табы: Қосжақтаулылар‎
Сабы: Unionoida
Тұқымдасы: Unionidae
Тегі: Anodonta
Түрі: A. cygnea
Екі-есімді атауы
Anodonta cygnea
(Linnaeus, 1758)

Айқұлақ (лат. Anodonta cygnea) – қосжақтаулы былқылдақденелілердің өкілі.

Айқұлақ судың түбінде мекендеп, сондағы құмға денесінің доғаланған алдыңғы бөлігімен көміліп жатады. Дене тұрқы он сантиметрдей. Жотасынан майысқақ сіңірмен байланысқан екі жақтаулы бауыр жағынан ашылып - жабылатын бақалшағы болады. Бақалшақтардың арасынан ай не құлақ тәріздес пішіндегі аяқтары көрінетіндіктен айқұлақ деп аталады.

Айқұлақтың бақалшағынан былқылдақ денесі көрінеді, басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралады. Аяғының қасында айқұлақтың аузы көрінеді. Ауыздың екі жағында қармалауыштары және тіл тәрізді аяғының екі қапталында тақташалы желбезектер болады. желбезектерді кірпікшелер қаптап жатады. Сол кірпікшелер қимылдағанда су кіріс симфонынан еніп, шығару сифонынан сыртқа шығады. Сифондар айқұлақтың артқы жағында бірінің үстінде бірі орналасады. Су астыңғы кіріс сифонымен енгенде, онымен қоса ұсақ жәндіктер де айқұлақтың бақалшағына енеді де, судың ағынымен аяқтың үстіңгі жағындағы ауызға барып, үлкен тоспаұлуға ұқсас- асқорыту жүйесіне түседі. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі, жұтқыншағы жоқ, сондықтан қорек алдымен өңешке, одан қарынға және ішекке өтеді. Айқұлақтың бауыры жақсы жетілген , оның өзегі қарынға ашылады.

Айқұлақтың астыңғы сифоны желбезек сифоны деп аталады, өйткені сырттан енген су шапаншадан желбезек арқылы сүзіліп, айқұлақтың тынысалу қызметін атқарады. Жәндіктің желбезектерінде газ алмасады. Айқұлақтың қанайналым жүйесі жүректен және содан таралатын қантамырлардан тұрады. Оның жүрегі жәндіктің арқа жағында орналасады, ал қан ішкі мүшелер аралығындағы саңылауға құйылады, яғни оның қанайналымы- ашық жүйелі.

Айқұлақ бүйрегі арқылы зәр шығарады.

Қосжақтаулы былқылдақденелілер баяу қозғалып, белсенді қоректенбегендіктен, олардың жүйке жүйесі нашар дамыған. Жүйке жүйесі бірімен-бірі жүйке талшықтарымен жалғасатын үш жұп жүйке түйінінен құралады. Бұлардың сезім мүшелері дамымаған. Айқұлақта арнаулы сезім мүшелері болмайды.

Айқұлақ-дара жынысты жәндік, бірақ оның аталығын аналығынан айыру оңай емес. Аталық айқұлақ сперматозоидтарын тікелей суға шашады, су арқылы сперматозоидтер аналықтың кіру сифонымен оның денесіне енеді. Осы арада олар ұрықтанып, жұмыртқадан дернәсіл дамиды. Дернәсілдер шығару сифоны арқылы сыртқа шығады. Олар балықтың денесіне немесе желбезегіне жабысып, сөлімен қоректеніп жетіледі. Біраз уақыттан соң дернәсілдер жас былқылдақденелі жәндікке айналып, иесін тастап, су түбіне түседі. Бұл айқұлақтың даму барысында уақытша паразиттік тіршілік ететінін көрсетеді.

Басқа қосжақтаулы былқылдақденелілер тәрізді айқұлақ бақалшақтың жақтауларын түйістіргіш бұлшықеті арқылы ашып жабады. Бақалшақ әктен түзіледі, оны меруерт қабаты астарлайды,бірақ айқұлақта серуерт қабаты нашар дамиды, сыртқы мүйіз тәрізді қабатының түсіне байланысты айқұлақ қоңыр жасыл реңді болады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлгі:IUCN2014.1
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3