Мазмұнға өту

Адмет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Адмет (көне грекше Ἄδμητος) — ежелгі грек мифологиясында Фессалиядағы Ферлік патша Фереттің және Периклименаның баласы. «Илиадада» (II 714 және басқада) көп кездеседі.

Калидондық шоқаға аңшылықтың және аргонавтар жорығының қатысушысы. Пелия бойынша, жерлеу ойындарының қатысушысы болып, қол төбелесіне шықты.

Аңыздарда, Адметте малшы болып Аполлон Құдайыдың өзі жұмыс істеді, бір нұсқаларында, Аполлонның өте жақсы көретін патшасы болған, ал басқаларда, Аполлонның киклоптарды немесе Пифон деген айдаһарды өлтіргені үшін.

Аполлон Адметтің малын бір жыл бойы бақты, немесе 8 жыл (яғни ұлы жыл) бақты, немесе 4 жыл бақты. Аполлон қамыстан жасалған сырнайдан немесе алтын кифарада ойнағанда, орманнан жыртқыш аңдар шығы тыныш кәдімгідей малдардың арасында жүрді. Ең алғаш, аңызды Ферекид жазғаны көрінеді. Бірақ, енді Аполлон тәрбиелеген Евмелдің биелері туралы Гомер айтады.

Пелий, кімде-кім арыстан мен шошқаны бір арбаны тартуға қойғызып қойса, оған қызын Алкестаны берем деп айтқанда, Адмет Аполлонның көмегімен немесе Аполлон және Гераклдың көмегімен осы бұйрықты оңайлықпен жасады. Тағы да, Адметті Гераклдың махаббаты деп те атайды.

Адмет, Тавминде Эретрияның жанындағы Евбеяда Аполлонға ғибадатхана салғызды. Адметте баласы мен қызы бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]