Август Вильгельм Гофман
Август Вильгельм Гофман (08.04.1818-05.05.1892)—Неміс химик-органигі. 1840 жылы Гисен университетін бітірген. Онда Ю.Либихтің жетекшілігімен жұмыс істеген. 1845 жылы Бонн университетінің оқытушысы. Сол жылы Англияға шақырылды. 1845-1865 жылдары Лондондағы Патшалық химия колледжінің директоры. 1865 жылдан Берлин университетінің профессоры. Негізгі ғылыми зерттеулері ароматтық қосылыстарға, оның ішінде бояуларға арналған. 1841 жылы таскөмір шайларынан анилин және хинолин бөліп алған. 1843 жылы М.Н.Зининнің анилин алу тәсілімен танысып, содан былай өз зертттеулерін сның негізінде бояулар синтезіне арнады. 1843 жылы Зининнің "бензадаминін", Фрийшенің "аналинімен" және Рунгенің "кианолымен" химияық идентификациясын жүргізді. Стиролдың "полимеризациясын" байқаған (1845). Толуидиндерді ашты (1845). Органикалқ металл ретінде қарастылатын тетраалкилделінген аммонийлық негіздерді N(C2H5)4 ашты. Аммиактың галогеналкилге әсері арқылы алифатты аминдерді синтездеу тәсілін (1850ж.) ұсынды (Гофман реакциясы). О.Т. Каурмен бірге (1855 жылы) үшэтилфосфинді синтездеу, ол оттегі, күкірт, галогендер және этилиодидпен әрекеттесіп тетраэтилфосфонийиодид түзетінін көрсетті. Каурмен бірге аллил спиртін, оны тотықтыру арқылы акролеинді алды, 1858 жылы фуксинді (аналин қызыл) синтездеп оның құрамын 1861 жылы анықтады. Розалин бояуларының құрамын анықтап (1863), оны синтездеу жолын апты. Өзінің әріптесі К.А. Марциуспен бірге (1871) жарты бензиндік қайта топтасуын ашты. Біріншілік аминдерді изонитрилдерге айналдыруын (1868) ашты. 1881 жылы қышқылдардың амидтерінен алифатты, майлыароматты гетероциклді аминдерді алу тәсілін ұсынды (Гофман қайта топтасуы). Лондон химиялық қоғамының президенті (1861-1863). Неміс химия қоғамыныың ұйымдастырушысы және алғашқы президенті (1868-1892, үзілістермен). Осы қоғамның "Chemische Berichte" басылымының негізін салушысы. Петербург ғылым академиясының шетелдік мүше-корреспонденті (1857 жылдан бастап).
Пайдалаған әдебиет:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]С.К. Мырзалиева "Химия" (Балаларға арналған энциклопедиялық анытамалық Алматы 2012ж.)