Абзанов Елшілігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Абзанов елшілігі, 1767 ж. маусым-шілде айларында Орынбор әкімшілігінің тапсырмасымен Қылшақты өзенінің бойындағы Абылай Ордасына жіберілген башқұрт старшындары Құтлышар Абзанов, Әкімбай Құрманиев, Уақит Түнғатаровтардың сапары. Елшіліктің мақсаты аймақтағы саяси ахуалды анықтау болды. Елшілік Абылайдың Қоқан билеушісі Ерзенеге қарсы соғыс ашпақ болған ниеті іске аспай, еліне оралғаны, бұл соғыста Абылайдың қытайлардың әскери көмегіне арқа сүйемек болған мақсаты кейбір қазақ руларының арасынан қолдау таппағаны жөнінен хабардар болды. Абылай Ресеймен ынтымақтаспақ ойы бола тұра Орынбор әкімшілігімен кездесуден бас тартты. Елшіліктің бұл сапарының нәтижесінде башқұрт пен қазақ халықтарының, Орынбор әкімшілігі мен Абылай ханның арасындағы қарым-қатынас тұрақтала түсті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х