Ірбіт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ІРБІТ, Үрбіт (Ирбит) – Ресей Федерациясы, Свердлов облысындағы қала, темір жол стансасы. Халқы 48,2 мың (2003). Ирбит өз-нің Ниц өз-не құятын жерінде орналасқан. Мотоциклдер, агрегат, тех. шыны, кірпіш, дәрі-дәрмектер шығаратын з-ттар, тігін ф-касы, орман өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді. І-те драма театры, өлкетану мұражайы, ипподром (1903) бар. Негізі 1631 ж. слобода ретінде қаланған. 1643 ж. І-те жәрмеңке ашылып, 1775 ж. қала мәртебесі берілді. І. 17 ғ-дың ортасынан 19 ғ-дың соңына дейінгі аралықта Ресейдің еур. бөлігі мен Сібірдегі аса ірі сауда орт. болды. Жәрмеңкеде қымбат бағалы аң терілері көп сатылған. 1643 – 1929 ж. аралығында І-те жыл сайын жәрмеңке өткізіліп тұрды. Ол тауар айналымының көлемі бойынша Ресейде Нижегород жәрмеңкесінен кейін екінші орынды иеленді. Қазақтар І. жәрмеңкесіне үнемі қатысып, мал және мал ш. өнімдерін астыққа, азық-түлікке, қолөнер және фабрика бұйымдарына айырбастаған. 19 ғ-дың 70 – 80-жылдары І. жәрмеңкесіндегі сауда айналымының көлемі 60 млн. сомды құрады.

.[1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әдеб.: Географический энциклопедический словарь, М., 2003 Н. Әшіров

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том