Мазмұнға өту

Ұрлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:17, 2024 ж. қарашаның 8 кезіндегі Ерден Карсыбеков (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Paul-Charles Chocarne-Moreau, The Cunning Thief, 1931

Ұрлық — мүлікті жасырын қымқыру. Ұрлық қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың қатарына жатады. Жәбірленуші мен басқа адамдар байқамайды деген сеніммен қылмыскердің мүлікті жасырын жымқыруы ұрлықтың тонау мен барымталаудан айырмашылығы болып табылады. Кейбір мемлекеттердің қылмыстық кодекстерінде ұрлықты мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті иемдену мақсатындағы ұрлық және жеке меншікті иемдену мақсатындағы ұрлық деп екіге бөледі. Мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті ұрлық үшін жеке меншікті ұрлағаннан гөрі қатаңдау жаза қолданылады. Азаматтардың жеке мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға заң бойынша мыналар жатады: ұрлықты қайталап жасау; ұрлықты бір топ адамдардың алдын ала келісіп жасауы; жәбірленушіге едәуір залал шектіру; ұрлықты аса қауіпті кәнігі қылмыскердің жасауы.

Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау. Бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6