Мүшелер жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:58, 2023 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Asemwei (т) өңдемелерінен ArystanbekBot соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Мүшелер жүйесі.

Мүшелер жүйесі (система органов); (systema organum, лат. systema — жүйе, грек, organon - мүше, ағза) — құрылысы ұқсас, шығу тегі мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтерді атқаруға маманданған мүшелер тобы. Мүшелер жүйелері адам мен жануарлар организмдерінде үлкен үш топқа топталады: сомалық мүшелер жүйелері (тері жабыны, сүйектер және бұлшықеттер жүйесі), ішкі мүшелер жүйелері (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею - аталық және аналық), біріктіргіш (интеграциялық) мүшелер жүйелері (эндокринді бездер, тамырлар жүйесі, жүйке жүйесі). Мүшелер жүйелері қызметіне байланысты аппараттарға, мысалы, тірек-қимыл аппараты (сүйектер және бұлшықеттер жүйелері) бірігеді.

Адам ағзасындағы мүшелері, мүшелер жүйесі, олардың құрамына жататын мүшелер мен ұлпалар

Мүшелер және мүшелер жүйесі Құрамындағы мүшелер Негізгі ұлпалар
I. Эндокриндік мүшелер жүйесі немесе ішкі секреция бездері Гипофиз, эпифиз, қалқанша без,қалқанша маңы бездері, айырша без (тимус), ұйқыбез, бүйрекүсті бездері, жыныс бездері Эпителий,жүйке,дәнекер
II. Жүйке жүйесі: а) төндік бөлім ә) өсімді бөлім Ми, жұлын, мидан жөне жұлыннан тарайтын жүйкелер Мидың бағаналы бөлімі, жұлын, жүйке бағаналары, жүйке орамдары, жүйкелер Жүйке ұлпасы, дәнекер, эпителий
III. Сенсорлық жүйе (анализаторлар)немесе сезім мүшелері Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсіну (сипап сезу) Эпителий,жүйке,дәнекер,бұлшықет
IV. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі: а)канқа ә) бұлшықет Сүйектер және олардың байланысы қаңқаның, ішкі мүшелердің және жүректің бұлшықеттері Дәнекер,бұлшықет
V. Иммундық жүйе Лимфа түйіндері, айырша без, көкбауыр, кемік майы Эпителий,дәнекер
VI. Жүрек-қантамырлар жүйесі Жүрек, кантамырлар (артерия, вена және қылтамырлар) Бұлшықет,дәнекер, эпителий
VII. Тынысалу жүйесі: а) ауа өтетін жолдар е) тынысалу мүшесі Мұрын қуысы, жұткыншақ, көмекей,кеңірдек, ауатамырлар. Өкпе Бұлшықет,дәнекер,эпителий
VIII. Лимфа жүйесі Лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, лимфа өзектері, бадамша бездері Эпителий, дәнекер
IХ.Асқорыту жүйесі: а) аскорыту мүшелері ә) аскорыту бездері Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек. Сілекей бездері (шықшыт, астыңғы жақасты, тіласты), бауыр, ұйқыбез Дәнекер, бұлшықет, эпителий
X. Зәржыныстық мүшелер жүйесі: а) зәршығару жүйесі ә) жыныс жүйесі 1. Аналық жыныс мүшелері 2. Аталық жыныс мүшелері Бүйрек, несепағар, қуық, несеп шығару өзегі. Үлкен, кіші жыныстық ернеулер, аналық бездер, жатыр, жатыр түтігі, қынап. Ұма, жыныстық мүше, аталык бездер, оның қосалқы бөлімдері (тұқым шығарушы өзекшелер, тұқым көпіршіктері, қуықасты безі) Эпителий, бұлшықет, дәнекер. Эпителий, бұлшықет, дәнекер Эпителий, бұлшықет, дәнекер
XI. Жабын жүйесі Тері және оның қосалқы бөлімдері (түк, тырнақ, тері бездері) Эпителий, бұлшықет

[1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  2. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х