Мазмұнға өту

Пуантилизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
01:27, 2021 ж. қыркүйектің 2 кезіндегі Dimash Kenesbek (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
«Цирк шеруі» (Толығырақ), Жорж Сёра, 1888 жыл, Метрополитен өнер мұражайы

Пуантилизм (фр: Pointillisme, нақтырақ «нүктелік», фр. point — нүкте) — жанр немесе живопись өнеріндегі импрессионизм бағытына сәйкес келмейтін өнер бағыты. Пуантилизм негізі майлы бөлімдермен нүктелік немесе тікбұрыштық формада салынады. Ол 1885 жылы ең алғаш Францияда пайда болды. Бұл жанр адамның алдында болып жатқан физикалық қозғалысты суреттейді. Басты ерекшелігі нүкте арқылы салынған бейнеде екі немесе одан да көп бояулар салу жұмысы аяқталған соң басым бір түстің өте әдемі бейнені көрсетуі.

Пуантилизмнің өмірге келуі жас суретші Жорж Сераның қызығушылығымен және түстер теориясымен байланысты еді. Жорж Сёра, Шарль Блан, Эжен Шеврель, Огден Руд сынды атақты адамдардың еңбектерімен таныс болды және " Гранд -Жатт аралындағы жексенбі күні" атты еңбегі сәтті шығып, 1886 жылы импрессионисттердің соңғы көрмесіне алғаш рет экспанатталды. Осы бағытта Поль Синьяк, Анри Кросс, Люсьен Писсарро және 1885-1890 жылдардағы импрессионизм бағытын ұстанған Камиль Писсарро секілді суретші қызмет еткен болатын.

Пол Синьяк, "Құдықтың жанындағы Әйелдер", 1892, жарқын түстер мен соққылармен егжей-тегжейлі бейнеленген. Орсе Мұражайы, Париж