Сүйсін

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:52, 2016 ж. маусымның 27 кезіндегі GanS NIS (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сүйсін
Orchis italica
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Orchidaceae
Кіші тұқымдасы: Orchidoideae
Тайпасы: Orchideae
Кіші тайпасы: Orchidinae
Одақтасы: Orchis
Тегі: Orchis
Tourn. ex L. 1753
Үлгілік түрі
Orchis militaris
L. Sp. Pl.: 943, 1753
түрлері

21 түрі белгілі

Сүйсін (лат. Orchis) – сүйсіндер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұл өсімдік Волгоград облысынан бастап, Украинаның Днепр маңайындағы жазықтарына дейінгі орманды алқаптарда, бұталар арасында, дымқыл және сызды жайылымдарда кездеседі[1]. Қазақстанда жазық жерлер мен орман алқаптарында, бұталар арасында, ылғалды жайылымдарда, көлеңкелі жерлерде өсетін 10 түрі бар.

Бұлардың биіктігі 10-75 см. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі бірнеше жіңішке шашақты тамырлар мен екі түйнек тамырдан тұрады. Жапырақтары ұзынша, сопақтау немесе имектеу келеді. Гүлдерінің көпшілік түрінің түсі көкшіл, қара көк, олар шашақ гүлшоғырын құрайды. Гүлдерінің еріндері 3-4 қалақты болады. Сәуір-шілде айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі - қорапша пішінді.

Сүйсіннің түйнегінде 50%-ға жуық шырыш, крахмал, ақуызды заттар, қант, кальций, қымыздық қышқылы мен минералды тұздар болады. Сүйсін - дәрілік өсімдік, халық медицинасында оның түйнегінің шырынын жүйке әлсіреген кезде, адам аурудан қажып, әлі кеткенде пайдаланады. Сүйсінді асқазан-ішек ауруларына, жөтелге, улануға қарсы қолданады. Кейбір түрлері әсемдік мақсатта өсіріледі. Қазақстанда сүйсіннің 1 түрі – телпек сүйсін (лат. Orchis militaris) «Қызыл кітапқа» енгізілген. Оның биіктігі 10-40 см, төсемелі тамыры болады. Сабағын безді түк жапқан. Жапырақтары қандауыр тәрізді (ұзындығы 13, ені 7 см-дей) Дара гүлі сабағының ұшында жетіледі, гүлсеріктері қызғылт, ақшыл көк, күлгін түсті. Тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – қорапша, сыртын безді түк басқан. Сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетін, жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқан түр.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Дәрілік өсімдіктер» М. Қожабеков.
  2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.