Мазмұнға өту

Аса нәзік түзіліс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
19:27, 2013 ж. наурыздың 11 кезіндегі Legobot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Bot: Migrating 15 interwiki links, now provided by Wikidata on d:q1413102 (translate me))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Аса нәзік түзіліс атом энергиясы деңгейлерінің өте жақын орналасқан қосалқы деңгейлерге жіктелуі. Ол атом ядросы магниттік моментінің атом электрондарының магнит өрісімен әсерлесуі нәтижесінде түзіледі. Деңгейлердің А. н. т-і салдарынан атом спектрінде бір спектрлік сызықтың орнына бір-біріне өте жақын орналасқан сызықтар — спектрлік сызықтардың А. н. т-і пайда болады. Көршілес деңгейлерінің аралығы өте кішкентай (10-5 — 10-7эВ). Бұл нәзік түзіліс деңгейлері ара қашықтығынан 1000 есе кіші. А. н. т-ті молекулалар мен кристалдар спектрлерінен де байқауға болады. Оны зерттеу ядроның магниттік моменті мен оның пішіні және құрылымы жайында мәлімет алуға мүмкіндік береді.