Элизабет Диллер

Элизабет Диллер (немесе Лиз Диллер;[1] 17 маусым 1954 жыл, Лодзь) — америкалық сәулетші және 1979 жылы "Diller Scofidio + Renfro" компаниясы негізін салғандарының бірі.[2] Онымен қоса Принстон жоғарғы оқу орынының сәулет өнері бағытындағы профессоры.[3]

Лиз Диллер
Жалпы мағлұматтар
Ұлты

Еврей

Туған күні

17 маусым 1954 (1954-06-17) (70 жас)

Туған жері

Лодзь, Польша

Жұмысы мен жетістіктері
Білімі

Купер Юнион

Басты құрылыстары

Бұлыңғыр ғимарат, Швейцария

Ескерткіштерді жаңғырту

Линкольн орталығы

Ғылыми жұмыстары

Lincoln Center Inside Out: An Architectural Account, 2012 жыл

Өмірі

өңдеу

Элизабет Диллер 1954 жылы Лодзи, Польшада, еврей отбасында дүниеге келді.

1960 жылы Элизабетке не болғаны 6 жас болғанда отбасы Америкаға қоныс аударады.[4]

Диллер 1979 жылы Купер Юнион мектебінде бакалавр дәрежесін алды. Рикардо Скофидиомен сабақ кезінде танысып, сол кезде ол Элизабет Диллердің мұғалімі мен тәлімгері болды. Дипломды алғаннан кейін олар 1980-ші жылдары үйленеді.

2000 жылдардан бастап ол концептуалды сәулет өнерімен, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелердің дизайндарымен танымал бола бастады.[5]

Мадақтаулары мен жетістіктері

өңдеу

Элизабет Диллер мәдени ортадағы ең ықпалды дизайнерлердің бірі болып саналады.[6]

  • 1999 жылы сәулет өнері саласындағы жетістіктері үшін Макартур стипендиясын алды. Стипендиядан бөлінген ақшаға ол 2002 жылы Швейцария ЭКСПО көрмесі үшін “Бұлыңғыр ғимарат” жобасын іске асырды.
  • 2000 жылы оған мейрамхананың керемет дизайны үшін Джеймс Бирда сыйлығы тарту етілді.
  • Диллермен бірге құрылған студия Уалл Стрит Джурнал-дың “2017 жылғы сәулет өнері инноваторы” сыйлығын иеленді. Сонымен қатар митсон ұлттық дизайн сыйлығын алды.
  • 2018 жылы Элизабет Диллер екінші рет The Times журналының ең беделді адамдар тізіміне еніп, сонымен қатар сол тізімдегі жалғыз сәулетші болды.
  • 2019 жылы Джейн Дрю сыйлығын және “Сәулетші әйелдер” жыл сайынғы премиясының сегізінші иегері атанады.

Жобалары

өңдеу

Architectural Digest мәліметтері бойынша, Элизабет Диллер мен Рикардо Скофидио 2002 жылдан бастап:

  • “Бұлыңғыр ғимарат”, Швейцария;
  • Қазіргі заманғы өнер институты, Бостон;
  • “Жоғарғы сызық” , Манхэттеннің батыс жағында;
  • Линкольн орталығын жаңарту сериялық жөндеу жұмыстары;
  • Беркли кино мұражайы, Калифорния;
  • Браун университеті мен Стэнфорд университетіндегі ғимараттар;
  • Броуда мұражайы, Лос-Анджелес;

Сонымен қатар бір уақытта бірнеше жобаларда жұмыс жасады:

  • Колумбия медицина мектебіндегі Вагелос орталығы;
  • Колумбия жоғарғы оқу орнының бизнес мектебінің жаңа ғимараты;
  • Барбикандағы Лондон музыкалық орталығы;
  • Рио-де-Жанейродағы кино музейі;

Кітаптары:

Дереккөздер

өңдеу