Циклды аденозинмонофосфат
Циклды аденозинмонофосфат (цАМФ) — жасуша ішінде бесаспап медиаторға жатады жəне сол жасушада көптеген негізгі реакциялардың жылдамдығын реттейді. Қазір анықталғандай, ол - ең алдымен көптеген гормондардың жасушаға əсер етунің күрделі механизміндегі молекулалық делдал. цАМФ барлық ұлпалар мен мүшелердің жасушаларында синтезделеді. Ұлпаларда цАМФ синтезіне əр түрлі гормондар мен медиаторлар əсер етеді, ондай заттың саны 20-дан астам.
цАМФ адреналиннің əсерін зерттеу кезінде ешқашан Э.Сазерленд (1959 жыл), сол үшін 1971 жылы Нобель сыйлығын алды. Бұл биохимидағы аса ірі ғылыми жаңалық болды.
Химиялық табиғаты
өңдеуцАМФ АТФ-тан синтезделеді. Бұл процесті аденилатциклаза ферменті катализдейді, ол фермент жасушаның плазмалық мембранасымен байланысқан.
Аденилатциклаза ферменті негізінен ақуыздық жəне пептидтік гормондар əсерін реттейді, олар протоплазмаға енбейді. Жасушаның қалыпты жағдайдағы кезінде бұл фермент активті емес. Гормон плазмалық мембранада өзінің рецепторымен əрекеттескен кезде, магний ионы үшін оның өткізгіштігі өзгереді, соның нəтижесінде аденилатциклаза активтенеді де, цАМФ түзілуі күшейеді.
Биологиялық қасиеті
өңдеуЕгер гормондар жасушадағы биохимиялық реакцияларды алғашқы реттегіштер болса, гормондар хабарын əрі қарай жеткізуші цАМФ-ты екінші қатардағы (аралық) реттегіштер деп атайды. цАМФ:
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы