Степан Григорьевич Бархударов

Бархударов Степан Григорьевич (1894-1983), тіл білімі маманы. Филология ғылымының докторы, профессор (1932), КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1946), Лениндік сыйлықтың лауреаты (1970). «Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігі» (1948-65) деп аталатын 17 томдық сөздікті жасауға қатысты. Әуезовтің 60 жасқа толуына байланысты бірнеше ғалымдармен бірге жедел- хат жолдап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеген. («М. О. Ауэзову. Сборник статей к его 60-летию», А., 1959, 24-бет). Мұхаң Бархударовты Ленинград университетінде оқып жүрген кезінен бастап біледі. Тіл туралы жазбаларында оның еңбектеріне көңіл аударған. .[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8