Ақпараттық соғыс

Ақпараттық соғысматериалдық және интеллектуалдық салаларда қандай да бір ұтыс алу мақсатында бір-бірінің ақпараттық ресурстарына белсенді ақпараттық ықпал жүргізетін қарсыластардың қалпы. "Ақпаратық соғыс" ұғымы ақпараттық ресурстардың, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, бұқаралық ақпараттың электрондық құралдарының дамуына орай кең қолданыла бастады. Ақпараттық соғыстың басты мақсаты - қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы өз мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. Өз мақсатына жету үшін қарсы жақтар ақпараттық және интеллектуалдық ресурстарына ықпал ете алатын және алдап-арбауға мүмкіндік беретін кез келген құралдарды қолдануға әзір. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде ақпараттық қару жасалып қолданыла бастады. Ақпараттық соғысқа тән қасиет - барлық іс-әрекетті жоспарлау. Ақпараттық соғыс барысында стратегиялық, тактикалық және тез шешім қабылдауды қажетсінетін міндеттер қойылып, шешімін табуы мүмкін. Ақпараттық соғыстың басты белгісі ұлттық және бірлескен мүдделерді "белінен басатын" әскери іс-әрекеттің шексіздігі. Ақпараттық соғыс мемлекеттер, одақтар, қоғамдық, экономикалық және әскери құрылымдардың арасында жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыстың "психологиялық соғыспен" ұқсастығы басым, өйткені Ақпараттық соғыс субъектілерінің мақсаты электронды БАҚ-ның қатысуымен орындалады. Ақпараттық соғыста жеңіліс табатын негізгі нысандар: ақпараттық жүйе, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық және интеллектуалдық ресурстары, адамдардың жүйкесі. Ақпараттық соғыс геостратегиялық жағдайға, саяси және әскери міндеттерге, дамыған елдердің ақпараттық кеңеюге қүлшынысына, біржақты үстемдікке негізделген бірқатар факторлардың ықпалынан тууы мүмкін. Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі бағыттары: қарсыластың өмірлік маңызды - саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық, ғылыми-техникалық құрылымдарының қалыпты қызметін жою (бұрмалау) арқылы ақпараттық ресурстарын жеңіліске ұшырату, сонымен қатар, ком¬пьютерлік желісінің бағдарламалық-техникалық құралдарының, ақпараттық- телекоммуникациялық жұмысының шырқын бұзып, қиюын кетіру және т.б.; қарсыластың даму деңгейін анықтау мақсатында ақпараттық ресурстарына жасырын бақылау орнату, тежеу саясатын ұстану және өз пайдасына шешілуіне күш салу, қоғамдық санаға ықпал ету, ақырында қарсы жақты келесі жақтың мүдделеріне сәйкес келетін шешімдер қабылдауға мәжбүрлеу; қарсыластың барлық ақпараттық ықпалына төтеп беретін мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпараттық соғыс ашық және жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыс соғыс процесі нақтылы мақсаттарын бүркемелеу үшін "қарапайым соғыс" жағдайында ашық әрі агрессивті сипатта жүреді. Ал, бейбіт жағдайда ақпараттық ықпал әдетте ұзақ уақыт және жасырын ақпараттық қарсыластық сипатта болады. Кейде Ақпараттық соғыста "кім жау" екенін ажырату қиынға түседі. Ақпараттық соғыстың құрамдас бөлігіне мыналар жатады: психологиялық шаралар, электрондық соғыс шаралары, теріс ақпарат тарату мен қарсы үгіт-насихат шаралары, қарсы әрекет ету мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, тікелей ақпараттық шабуылдар, ақпараттық ресурстар бөліктеріне тікелей залал келтіру. Бұл шаралардың тиімділігі ақпараттық ресурстардың қорғалуына және қауіпсіздігіне байланысты. Ақпараттық соғыс салдары әртүрлі: саяси, экономикалық, қаржылық және әскери салаларда пайда табу; қоғамдық сананы өзгерту, қоғамдық-саяси шаралардың және "сөз бостандығының" беделін түсіру, саяси, экономикалық, әскери шараларды бүркемелеу; жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін бұзу; мемлекеттік, қаржылық және коммуникациялық желілердің және ақпараттық жүйелердің қызметін бұзу; құпия ақпаратқа қол жеткізу және электронды жүйелерге және желілерге шығар жолды бұзу және т.б.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3